Алматыда жеті баланың анасы жоғалып кетті

Жоғалған әйелдің туыстары жолдаған сурет

Алматыда 48 жастағы Дариға Әбілахимова хабар-ошарсыз кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда 48 жастағы Дариға Әбілахимова хабар-ошарсыз кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол 13 мамырда таңғы сағат 5.30-да Райымбек даңғылының бойындағы "Жібек жолы" автобөлшек сататын базардан "Апорт" сауда орталығына қарай шығып кетіп, содан оралмаған.

Бұл туралы редакцияға әйелдің күйеу баласы Думан Диһаншиев хабарлады. Оның айтуынша, жұмбақ жағдайда жоғалған әйел туралы Наурызбай аудандық полициясына арыз жазылған. "Полицияға арыз жаздық, қабылдады. Үйде жанжал болмаған. Сол күні таңғы уақытта саумал алуға кеткен. Содан оралмады", - деді жоғалған әйелдің туысы.

Реклама
Реклама


Жоғалған әйелдің туыстары жолдаған сурет

Жоғалған әйел үстіне қызыл түсті күрте, қою көк шалбар және кроссовка киген. Қандай да бір мәлімет білетіндерден туысқандары +7 708 190 45 20, +7 701 133 83 50 нөмірлеріне хабарласуды немесе полицияға қоңырау шалуды сұрап отыр.

Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама