Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы қайтыс болды

Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атырау облысындағы зауытта Қытай азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Kazakhstan Petrochemical Industries Inc." компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға 22 ақпанда болған. Қарабатан ауылындағы Біріктірілген газ-химия кешенінің құрылыс аумағында 1970 жылы туған қытайлық азамат қайтыс болған. Ол монтажшы болып жұмыс істеген. 

Бір күн бұрын Қытай азаматы өзін жайсыз сезініп, медициналық көмек алған. Оған дәрігерлер күретамыр қысымы көтерілді деген диагноз қойып, кардиологқа баруға анықтама берген. 

Реклама
Реклама

Келесі күні ол асханаға бара жатып, есінен танып қалған. Дәрігерлер келгенде оның қайтыс болғанын анықтаған. Дәрігерлер ми қан айналымының бұзылуынан көз жұмғанын айтады.

Tengrinews
Вопрос от автора
news8
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама