Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 декабря 2018 20:58

Құдыққа құлап қайтыс болған 13 жастағы қыздың анасы оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ажал құштырған ашық құдықтар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасында "Ажал құштырған ашық құдықтар" тақырыбы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада 13 жастағы Аружан Маратова кәріз құдығына құлап қайтыс болған еді. Ол 24 қарашада шамамен сағат 12-де үйінен "Жастар" театрына қарай шығып, кейін Жұмабаев көшесіндегі пиццерияға барған. Онда 17.30-ға дейін болған, содан соң жоғалып кеткен. 25 қарашада қыздың денесі Қошқарбаев пен Өзбек Әлі Жәнібек көшелерінің қиылысындағы ашық құдықтан табылады. Ең сорақысы, сол құдыққа таңертең бір бала құлаған. Баланы құтқарып алғандар оның астында жатқан Аружанның мәйітін көрмеген. Кейін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов бұл істі өз бақылауына алып, полицейлерге жедел түрде тергеу жүргізуді тапсырды. Ал Аружанның жақындары жұмысына салғырттық танытқандарды қатаң жазалауды сұрап отыр.

Бағдарлама барысында марқұм қыздың анасы Толғанай Оңдасынқызы баласын еріктілердің көмегімен тапқанын айтты. Сондай-ақ, Аружанның денесі тек дәл сол құдыққа басқа адамның түскенінен кейін ғана анықталған. Толғанай бағдарламаға келуінің басты себебі деп қызының өлімінен кейін 3 апта уақыт өтсе де құзырлы органдардан нәтиженің болмауын атап отыр.

"Үйде отырғаннан не істеймін? Үйде ініммен отырдым. Еріктілерге хабарласып, солардан қандай да бір көмек болып, сіңлімді тез табуға септігін тигізеді деп ойладым. Себебі ішкі істер органдарынан ешқандай пайда болған жоқ. Полиция қызметкерлерінен бұрын еріктілер сол жерге бірінші болып барды. Еріктілер ауруханада құдыққа түсіп кеткен басқа бір баладан қызымның сол жерде жатқанын біліп алғаннан кейін құдыққа барған. Бірақ мен өзім оны білмеймін. Ол бала құдықта күрте жатқанын айтқан. Бәлкім ол суға сүңгіп кіргенде көрген болар. Баланы жанындағы адам құтқарып қалған. Құтқарған адамның өзі де құтқару кезінде құдыққа түсіп кете жаздағанын айтқан. Барлығымыз бір жерде тұрғаннан кейін бәрі бір-бірін таниды. Еріктілер құдыққа келгенде қызымның қолы жоғары жаққа шығып тұрғанын айтты. Қолында сақинасы болатын, сол сақина арқылы таныған", - дейді Аружанның әпкесі.

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова осы дерекке қатысты іс қозғалғанын және тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. 

"Хабар түскенде, бізде арнайы іздестіру бөлімі бар. Криминалдық полиция инспекторлары қай жерде болуы мүмкін екенін анықтау үшін жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Кәмелетке толмаған қыз жоғалып кеткен уақытта ведомстводағы жедел іздестіру қызметкерлері көтеріледі. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Софья Қылышбекова.

Құдыққа құлап қайтыс болған Аружанның анасы Толғанай Оңдасынқызы сол құдықтың қала картасының жобасында жоғын айтады.

"Ол құдықтың беті жабылмаған. Өйткені ол жол Қошқарбаев көшесімен келе жатып Өзбекәлі Жәнібек көшесіне бұрылатын арнайы жол жасалған. Сол жолды бір ай ғана бұрын жасады. Ол жерде құдық барын ешкім де білмейді. 109 құтқару қызметіне хабарласқанымызда жоба бойынша ол жерде құдық жоғын айтты", - дейді Толғанай Оңдасынқызы.

Айта кетейік, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма аралығында көрсетілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.73   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети