ПОДЕЛИТЬСЯ
02 августа 2018 | 17:48
Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын ұрған бұзақылар полицияға жеткізілді
Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын ұрған бұзақылар полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазын ұрған бұзақылар полицияға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram желісіндегі kaztwitter парақшасында жарияланды. Видеода ер адам Ұлттық ұлан формасын киген сарбазды шапалақпен тартып жібергенін көруге болады.
ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға Шымкентте 26 шілдеде болған.
"2018 жылғы 26 шілдеде сағат 22.20 шамасында Шымкент қаласындағы Ильяева көшесінде орналасқан "Женя" кафесінде аталған мекеменің күзетшісі және кафеге келушілердің арасында жанжал туындаған. Даудың себебі - тұтынушы мекеменің көрсеткен қызметіне ақы төлеуден бас тартқан. Кафеге жақын маңда қызмет атқарып жүрген 6506 әскери бөлімінің әскери жасағы айғай-шу мен балағат сөздерді естіп, жанжалдың себебін білу үшін сол жерге келеді", - делінген хабарламада.
Осыдан кейін айғай шығарған ер адам әскери жасақты көріп, оларға қарсы балағат сөздер айта бастайды, күш көрсетемін деп қоқан-лоқы жасаған. Әскери жасақ болған жағдай туралы басшылыққа хабар беріп, бұзақыларды Шымкент қаласындағы Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізген.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также