ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2019 | 18:17
Бэтмен, Селфи, бокс. Футболшылар голын қалай атап өтеді
Ертең Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталады. Кәрі құрлықтың үздік клубы атануға төрт команда үміткер. Бұл кезеңде футболшылар жігерлене ойнап, жанкүйерлерді әдемі голдарымен қуантып жатады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ертең Чемпиондар лигасының жартылай финалы басталады. Кәрі құрлықтың үздік клубы атануға төрт команда үміткер. Бұл кезеңде футболшылар жігерлене ойнап, жанкүйерлерді әдемі голдарымен қуантып жатады.
Бірақ кейде футбол матчы соғылған голмен емес, оны футболшының атап өту тәсілімен есте қалады. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі соққан голын тойлауымен есте қалған футболшылар топтамасын ұсынады.
Гарет Бэйл
Мадридтік "Реал" мен Уэльс құрамасының жұлдызы Гарет Бэйл 2010 жылы өз голдарын ерекше атап өте бастады. Ол гол соққан сайын саусақтарымен жүрек белгісін көрсетеді. Яғни, голдарының бәрін сүйіктісі Эммаға арнайтын.
Бір қызығы, 2013 жылы Бэйл голды "жүрекше" қылып атап өту әдісін патенттеп алған. Ол сотта "жүрекшені" бірінші ойлап тапқанын дәлелдеп, бұл әдісті әлемге танымал әнші Джастин Биберден жеңіп алған болатын.
Тим Кэхил
Кэхил өз карьерасының басым бөлігін англиялық "Эвертонда" өткізген. Аустралия құрамасымен бірге төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан жартылай қорғаушының голды атап өтуі ерекше. Ол бірден бұрыштама жалаушасына жүгіріп, онымен боксшы секілді жұдырықтасады. Бұлай тойлау әдісінің себебін сұрағанда ол "Жалаушаның өзі ғой бастаған" деп әзілдейді.
Ал расын айтқанда, ол бұл әдісті компьютердегі төбелес ойынынан қарап алған. Кейін ұлы дүниеге келген соң, өз голдарын осылай атап өте бастады.
Пьер-Эмерик Обамеянг
Обамеянг голды атап өту кезінде екі әдісімен танымал. Жанкүйерлер оның акробатикалық сальтосын жоғары бағалаған. Бірақ бүгін екінші әдісіне тоқталғалы отырмыз. Габондық форвард гол соққаннан кейін түрлі маскалар киюімен де жанкүйерлер есінде қалып жүр. Бәрі Өрмекші-адамның маскасымен басталған. Кейін Қара пантераның маскасын киді.
Ал ең танымалы – Бэтмен мен Робин. Бундеслигада "Шальке 04" командасына қарсы матчта сол кезде дортмундтық "Боруссияда" ойнайтын Обамеянг қанжығасын майлап, қақпа артына тығып қойған Бэтменнің маскасын киген болатын. Ал Марко Ройс сол сәтте оның көмекшісі Робиннің рөлін сомдады.
Артынша, "Боруссияның" сол кездегі бас бапкері Юрген Клопп Обамеянгтың бұлай жасамауы керек деп айтқан болатын.
Пауло Дибала
"Ювентус" футболшысының голды атап өту әдісі бүкіл әлемде үлкен жұмбақ болған еді. 2017 жылы 12 қаңтарда Дибала "Аталанта" қақпасына гол соққан. Сол сәтте бас бармағы мен сұқ саусағын айқара ашып, бетін жапты. Ол бұл әдісін жұмбақ қылып, жанкүйерлерден оның нені білдіретінін сұраған. Жауаптар әртүрлі болды, жанкүйерлер Дибала Бэтменді, Зорроны, V әрпін немесе Джокерді көрсетті деп болжады. Бірақ бұлардың бәрі де дұрыс болмады.
"Расын айтқанда, бәрі қарапайым: бұл гладиатордың маскасы! Кейде алаңдағы майдан кезінде мықты болып қалу үшін жауынгердің маскасын киюіміз қажет", - деп түсіндірді футболшы.
Франческо Тотти
Тотти – голды ерекше тойлауды жақсы көретін футболшы. Ал ең атақтысы – жанкүйерлермен "селфи". "Романың" аңызға айналған футболшысы клубтың ата жауы саналатын "Лацио" қақпасына гол соққан соң жанкүйерлер отырған трибунамен суретке түсті. Тоттидің бұл әдісін әлемдік басылымдар жарыса жазып, кейін футболшылар оны қайталай бастады.
"Бір апта бойы "селфи" жасап үйрендім. Қазір ол сәнді болып жатыр. Бапкерім Гидо Нанниден гол соқсам, телефонымды әкеліп беруін сұрадым", - деді Тотти матчтан кейін.
Джейми Варди
Англия құрамасының шабуылшысы Джейми Варди де әлем трендінен хабардар екенін көрсетті. 2016 жылы әлемде Манекен Челлендж (Mannequin Challenge) атақты болған. Флэшмобтың мағынасы – бірнеше секунд бойы қозғалмай тұру. Джейми Варди Испания құрамасына қарсы жолдастық кездесуде осы челленджді қайталады.
48-минутта баспен гол соққан ол қақпа маңында бір орында қозғалмай тұра қалды. Ол ғана емес, Тео Уолкотт пен Рахим Стерлинг те бұл "челленджге" қатысқан.
Серхио Рамос
Кей фанаттар "Реал" мен Испания құрамасының капитанын UFC жұлдызы Конор Макгрегорге ұқсатып жатады. Жанкүйерлер екеуін де не жек көреді, не оған тамсанады. Үшінші нұсқа жоқ. Рамос та өзін Макгрегормен салыстыратындармен келісетін секілді.
2018 жылы тамызда УЕФА Суперкубогында Рамос "Атлетико" қақпасына пенальтиден гол соғып, оны атап өту кезінде Макгрегордың "милилардер жүрісін" қайталады. Ирландиялық файтерге Рамостың бұл әдісі ұнаған. Ол футболшының сол сәті түсірілген видеосын өзінің Twitter желісіндегі парақшасында жариялады.
Марио Балотелли
Италиялық шабуылшы Марио Балотелли қашан да жалжалдың арасында жүреді. Басылымдар оның әр қадамын аңдып, шалыс басқан сәтін күтіп отырады. Сондықтан "Манчестер Ситиде" ойнап жүрген кезінде италиялық форвард "Манчестер Юнайтед" қақпасына гол соғып, жейдесінің ішіндегі жазбаны көрсетті: "Неге әрқашан мен?" ("Why always me?").
Марио өзінің бұл жазбасын былай деп түсіндірді: "Неге әрқашан мен?" деген жазбаны танымаса да, мен туралы жаман нәрселер айтатын адамдарға арнадым. Оларға бір ғана сұрағым бар: неге мен?".
Дмитрий Ковб
Беларусь шабуылшысы Дмитрий Ковб әлемге әйгілі футболшы бола алмаса да, оның өз голын атап өту әдісін басылымдар жарыса жазды. 2014 жылы "Тракай" шабуылшысы "Жальгириске" қарсы ойында алаңға 82-минутта шығып, төрт минуттан соң гол соқты да, бірден трибунаға қарай жүгіре кетті. Жоқ, жанкүйерлерге емес. Ол трибунадағы бос орынға отыра қалды да, өз голына өзі қошемет білдірді.
Ковбтың бұл әдісі әлі де ұмытылған жоқ. 2018 жылы румыниялық форвард Стефан Бланару гол соққан соң Ковбтың атап өту тәсілін қайталады.
"Стьярнан" ФК
Топтаманы бір футболшымен емес, түгел бір командамен аяқтаймыз. Исландиялық "Стьярнан" футболшыларының репертуарында голды тойлауға арналған түрлі әдістер бар. Солардың бірі - "велосипед". Гол соққаннан кейін футболшылар бір-бірінің үстіне тұрып, велосипед теуіп келе жатқан адамды бейнелейді.
"Мұндай көріністерді жаттығудан кейін киім ауыстыратын бөлмеде дайындаймыз. Жаттығу уақытымен болады. Гол соқпасақ, оны қалай атап өте аламыз?", - дейді команда қорғаушысы Йохан Лэксдэ
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также