ПОДЕЛИТЬСЯ
15 ноября 2020 | 11:00
Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатыса ала ма?
Пандемияға қарамастан футболдан УЕФА Ұлттар лигасы жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы турнирдегі кезекті матчын өткізеді. Ұлттар лигасының басқа турнирлерден басты айырмашылығы - мұнда ортаңқол құрамаларға әлем чемпионаты не Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріледі. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін сараптап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Пандемияға қарамастан футболдан УЕФА Ұлттар лигасы жалғасып жатыр. Бүгін Қазақстан құрамасы турнирдегі кезекті матчын өткізеді. Ұлттар лигасының басқа турнирлерден басты айырмашылығы - мұнда ортаңқол құрамаларға әлем чемпионаты не Еуропа чемпионатына қатысуға мүмкіндік беріледі. Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін сараптап көрді.
Ұлттар лигасы деген не?
Алдымен УЕФА Ұлттар лигасы деген не және оның тәртібі қандай деген сұраққа жауап берейік. Ұлттар лигасына тек еуропалық құрамалар қатысады. Ол жолдастық матчтар санын азайту үшін құрылған. Турнирге Еуропаға жататын 55 құраманың бәрі қатысады. УЕФА рейтингіне сай олар 4 дивизионға бөлінген. Әр дивизионның мықтылары жоғарыға көтерілсе, ең нашарлары төменге түседі. Қазақстан қазір үшінші, С дивизионында ойнайды.
Бұл турнир Еуропадағы ортаңқол құрамалар үшін жақсы ойластырылған. Себебі құрамалар өздерімен бір деңгейдегі командалармен ойнайды. Осы арқылы әлем чемпионаты не Еуропа чемпионатына жолдама алуға болады. Ұлттар лигасының қазіргі маусымында Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдамалар сарапқа салынады.
Фото: uefa.com
Бірақ, әрине, төртжылдықтың басты додасына жолдама алу оңай емес. Әр дивизион бірнеше топқа бөлінген. Әр топтың жеңімпаздары арасында ұпайы көп екі құрама ғана іріктеудің келесі кезеңіне өтеді. Плэй-офф кезеңінде өзімен деңгейлес тағы екі құраманы жеңсе, әлем чемпионатына жолдама алады.
Сырт көзге қарағанда бұл өте қиын секілді көрінсе де, бұл Қазақстан секілді ортаңқол құрамалар үшін өте тиімді. Мысалға Солтүстік Македония құрамасын алайық. Бұл құрама тарихында әлем чемпионаты мен Еуропа чемпионатына қатысып көрмеген. Ол таяуда Ұлттар лигасы арқылы 2021 жылы өтетін Еуропа чемпионатына жолдама жеңіп алды. Шотландия құрамасы да осы турнирдің арқасында 1998 жылдан бері алғаш рет құрлық додаға қатысатын болды.
Қазақстан құрамасы кімдермен ойнайды?
Енді Қазақстан құрамасының мүмкіндігін сараптап көрейік. Біздің футболшылар Ұлттар лигасының С дивизионында ойнайтынын айттық. Беларусь, Литва және Албания құрамаларымен бір топтамыз.
Әзірге төрт тур өтті. Әзірге төрт ұпайы бар Қазақстан құрамасы соңғы орында тұр. Көш басындағы Беларусь құрамасында 7 ұпай бар. литва мен Албания құрамалары 5 ұпайдан еншілеген.
Қазақстан құрамасының мақсаты - топтан бірінші орын алу. Теориялық тұрғыда алып қарасақ, әлі де мүмкіндік бар.
© Kff.kz
Ол үшін не істеу керек? Ертең қазақстандықтар сырт алаңда Албания құрамасымен кездеседі. Шешуші сәт осы. Алматыда өткен матчта командалар 0:0 есебімен тең тарқасқан. Енді Қазақстанды сырт алаңдағы жеңіс қана құтқарады. Тең есептің өзі қазақстандықтар үшін қолайлы емес.
Кейін 18 қарашада Қазақстан құрамасы турнирдегі соңғы матчын өткізеді. Өз алаңында Литва құрамасын қабылдайды. Қыркүйекте сырт алаңда Литваны 2:0 есебімен жеңген болатын. Бұл ойында да жеңіс ауадай қажет.
Егер бұл екі ойында да Қазақстан құрамасы жеңіске жетсе, 10 ұпай еншілейді. Бұл ретте Беларусь құрамасының ұпай жоғалтуын күту қажет.
Әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік бар ма?
Қазақстан құрамасына алдағы екі матчта бірқатар ойыншы көмектесе алмайды. Оның ішінде жетекші ойыншылар да бар. Мысалы, Бауыржан Исламхан допинг қабылдады деп айыпталып жатыр. Тексеріс біткенше ол ресми ойындарға қатыса алмайды.
Ал шабуыл шебінде ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов ЦСКА сапында бас жарақатын алған. Ол да алаңға шықпайды. Жартылай қорғаушылар Думан Нәрзілдаев пен Серікжан Мужиков те жарақат алды, ал Владислав Васильев коронавирус жұқтырды.
© Kff.kz
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михаил Билек жарақаттар мен коронавирусқа байланысты сегіз футболшы команда сапына қосылмағанын айтқан.
Ал Албания сапында Италия, Германия және Испания чемпионатында ойнайтын футболшылар бар. Ал енді Қазақстанның бірнеше ойыншысы жоқ кезде жағдай қиындай түседі.
© Kff.kz
Сондықтан Қазақстан құрамасы Албанияда сенсация жасайды дегенге сену қиын. Ал Литваны қазіргі құраммен де жеңуге міндетті.
Осылайша, жанкүйерлік сенімді алып тастасақ, Қазақстан алдағы екі ойыннан үш ұпай жинайды дегенге сенім көбірек. Оған бұрын еншіліген 4 ұпайды қоссаңыз, соңғы орыннан көтерілуіміз әбден мүмкін. Маңыздысы - соңғы орын алып, Еуропадағы ең әлсіз құрамалар дивизионына түспесек болғаны.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также