Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
11 мая 2018 17:39

Қолданыстан шыққан аккумулятор мәселесі елімізде қалай шешіледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ


Дамыған жаңа заманда тұрмыс-тіршілікті түрлі аккумуляторлар мен батареяларсыз елестету қиын. Қуат көздерін күнделікті ұялы телефон, ноутбук, балалардың ойыншығы және автокөліктерде пайдаланамыз. Алайда қолданыстан шыққаннан аккумуляторлар адам денсаулығына, сонымен қатар қоршаған ортаға қандай зияны әкелетінін ойланып көрдік пе? Бүгінгі материалымызда қолданыстан шыққан автокөлік аккумуляторларының дұрыс жойылып, қайта өңделуіне кеңірек тоқталамыз. 

Елімізде қолданыстан шыққан аккумуляторларды утилизациялау мәселесі өте өзекті. Мәселен Қазақстанда 100 адамға 20 жеңіл көліктен келеді екен. Жыл сайын шамамен 32 мың тонна аккумулятор қолданыстан шығады.

Осы орайда аккумуляторларды қайта өңдеумен айналысатын Талдықорғандағы "Қайнар-АҚБ" ЖШС-ның жұмысын айтуымыз керек. Заңнама нормаларын сақтап, үздік заманауи технологияларды пайдалану арқылы зиянды қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорынның өндірістік қуаты - бір жылда шамамен 43 мың тонна. Яғни, зауыт елімізде жыл сайын жиналатын автокөлік аккумулятор қалдықтарын артығымен өңдей алады деген сөз. Кәсіпорын қолданыстан шыққан аккумулятор қорғасыны мен полипропиленін алып, оны жаңа АҚБ-ға салу жолымен қайта өңдейді. Сондай-ақ, арнайы құрылғы арқылы нейтрализациялау арқылы электролит те алынады.

Кәсіпорын қолданыстан шыққан аккумуляторларды қабылдап, залалсыздандырып және қайта өңдеу арқылы жаңа аккумулятор өндіру ісімен айналысып келеді. Осы орайда өңделген өнім үшін ӨКМ Операторы тарапынан бөлінетін қаражат пен үйлестіру қызметі АҚБ қайта өңдеу көлемін арттыруға жол ашылып отыр. Осының нәтижесінде атмосфераға шығатын зиянды қалдықтарды 70 тоннаға дейін азайту мүмкін болған. Бұл дегеніңіз жерасты суларына 200 000 текше метрге дейінгі улы қалдықтың түспеуін немесе 203,47 шаршы метр жер бүлінуден аман сақтап қалғандығын білдіреді.

"Самұрық-Қазына" холдингі мен халықаралық бірлестіктегі аккумулятор өндіруші "Интербатпен" бірігіп жұмыс істейтінін атап өту маңызды. "Қайнар-АҚБ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры Серікбай Ажмағанбетовтің айтуынша, компания нарық саласында жылына 2,5 миллион аккумулятор өндіре алады.

"Зауыт тарихы 1975 жылдан бастау алады. Зауыттың ерекшелігі ауыр топты батареяларды шығару. Зауыттың алғашқы модернизациясы, яғни жаңаруы 2000 жылы болды. Біз мемлекеттің көмегінсіз еуропалық қондырғыларды орната алмас едік. Техниканың басым бөлігін субсидия арқылы алдық. Жаңарудың арқасында зауыт жылына 4 миллион шикізат өндіретін болды. Биыл 3 миллион аккумулятор шығаруды жоспарлап отырмыз", - дейді Серік Ажмағанбетов.

Зауыт 13 мемелкеттің арасында ауыр топты аккумулятор шығаратын бірегей зауыт болып есептеледі. Бұл көрсеткіштерге жетуге ӨКМ Операторының үлесі зор.

"Біз ӨКМ операторының арқасында ішкі нарыққа төтеп бердік. Өнімдеріміздің бағасы бәсекелестерден жоғарылады, жағдайымыз айтарлықтай жақсарды", - дейді Серікбай Ажмағанбетов.

Зауыт директоры Асхат Долаев өндіріс орнын зауыттың жұмысын таныстырды. Аккумулятор сырты - пластик өндіретін цехте 92 адам жұмыс істейді екен. Моноблоктың жоғары және төменгі бөлігі, қақпақтар осы жерде жасалады. Бұл цехте 32 станок орналасқан, барлығы автоматтандырылған, жыл сайын жаңартылып отырады. 

Одан соң, зауыттың орталық зертханасында Ботакөз Симбинова мен Нина Ткаченко барлық талдаудың қалай жасалатынын және барлығы нормативке сәйкес келетінін көрсетті.

Осыдан кейін паста құю бөлімінде Дастан Қанатханов пластикпен қалай электр жүретінін көрсетті.

Ал қорғасын таспасын құю бөлімінде 20 адам жұмыс істейді екен. Бұл жердің жұмысын Берік Қабдолданов таныстырды.

Жақын жерде ағымдағы коллектор құймалары бөлімшесі орналасқан. Мұнда жұмыс тәулік бойы жүргізіледі. Жұмысшылар үш ауысыммен жұмыс істейді. Шағын ғана бөлімшеде қорғасын ұнтағы дайындалады. Бұл жерде машинист Ержан Сансызбаев барлық техниканы басқарады. Оның айтуынша мұнда ешбір қателікке жол берілмеу керек.

Құрастыру бөлімінде алты құрастыру машинасы тоқтаусыз аккумулятор жинайды. Жұмысшылар төсемелерді астына төсеп, жапсырмаларын қорапқа жабыстырады. Зауыт бренді: "KAINAR", "BARS", "Ұлы Дала", "Nomad", "Вожак" жапсырмалары аккумулятор сатысының ең соңғы бөлігі.

Осыдан кейін аккумуляторлар қоймаға жеткізіледі. Осы жерден дайын өнім тұтынушыларға жіберіліп отырады. Қойма басшысы Елдар Жуандықовтың айтуынша, күніне 10 мың аккумулятор қоймадан нарыққа жөнелтіледі.

ӨКМ Операторы отандық аккумулятор өндірісін дамытуға өз үлесін қосып отыр. Мысалы былтыр, 2017 жылы "Қайнар-АҚБ" ЖШС өндіріс көлемі 55 500 тоннадан асса, оның ішкі нарыққа жөнелтілетіні 25 мың тонна екен. Ал қалғаны экспортқа шығарылады.

Қорытындылай келе, қолданыстан шыққан аккумулятор проблемасы автомобиль жүргізушілерінің қаперінде болғаны абзал. Өйткені бейберекет тастап кеткен аккумулятордың улы қоспасы мен қорғасыны адам ағзасы мен табиғатқа өте қауіпті. Ал аккумулятор құрамындағы қышқылдың қандай зиян екені және оның тек арнайы зауыттарда залалсыздандыруға болатыны айтпаса да түсінікті.

Рекламный материал
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети