19 февраля 2022 | 12:18

Күн сайын ПТР-тест, шектеулер. Қытайдағы үш апта қалай өтті?

Фото Тұрар Қазанғап©️ olympic.kz

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Tengrinews.kz тілшісі Қытайда жүргеніне үш аптадан асты. Қытайда болғаныңды паспорттағы мөр ғана көрсетіп тұр, әйтпесе, Олимпиадаға келгендердің ешқайсы қала аралап, жергілікті халықпен танысқан жоқ. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары аяқталуға жақын. Tengrinews.kz тілшісі Қытайда жүргеніне үш аптадан асты. Қытайда болғаныңды паспорттағы мөр ғана көрсетіп тұр, әйтпесе, Олимпиадаға келгендердің ешқайсы қала аралап, жергілікті халықпен танысқан жоқ. 

Қытайдағы үш апта осындай таулардың арасында өтіп жатыр. Себебі біз Бейжіңнің өзінде емес, одан 180 шақырым жерде жатқан Чжанцзякоу қаласындамыз. 

Журналистердің бір сыпырасы осындай медиа-қонақүйлерде тұрып жатыр. Чжанцзякоудың өзінде осындай бірнеше қонақүй бар. Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған журналистер осында бір-бірімен танысып, визит карталарын алмасады. 

Әдетте таң кофемен басталатын болса, Қытайда бұлай емес. Күнде таң ПТР-тестпен басталады. Оны таңғы 6-дан 9-ға дейін тапсыруың қажет. Ал бұл Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 4 пен 7-нің арасы. Алғаш келген күндері ең ауыры уақыт белдеуіне үйрену болды.

Коронавируссыз-ақ көп шектеуден шаршасаң, күнделікті ПТР-сынақтардың бірі оң нәтиже көрсетпесін деп тіле. Әйтпесе, бірден сені бәрінен оқшаулап, нөмірден шыға алмай қаласың. Тамақты да есік алдына қойып, кетіп қалады. ПТР-сынама қатарынан екі рет теріс нәтиже көрсетуі керек. Олай болмаса, жарыстардың басым бөлігін оқшауда жатып, қытайлық телеарналардан көруге мәжбүр боласың.

Қонақүйде қайда көз жүгіртсең де, қорғаныс костюміне оранған қызметкерлерді көресің. Ауруханада жүргендей әсер болады. 

ПТР-тест тапсырған соң асықпай таңғы ас ішуге болады. Таңғы ас сағат 10-ға дейін. Мұнда да бәрі қорғаныс костюмімен жүреді. 

Асхана мәзіріне келер болсақ, мұнда бәріне ортақ тамақтар ұсынылады. Омлет, бұқтырылған жұмыртқа, шұжық, түрлі ботқа, тіскебасарлар және алма, қарбыз, қауын секілді жеміс-жидектер.    

Қонақүй асханалары мен басқа да мейрамханаларда әр үстелдің үстіне көрінбейтін шынылар қойылған. Бұл да - коронавирусқа байланысты шектеу. 

Одан бөлек, жарыс өтетін спорт нысанының бәрінде журналистер жүрек жалғап алатын шағын орын бар. Онда шай, кофе, лапша, түрлі тәттілер мен жеміс-жидек бар. Бәрі тегін. 

ПТР-тесттен құтылып, таңғы асын ішкен журналистер қаладағы басты медиа-орталыққа бетпейді. Бәрін кесте бойынша жүретін автобустар тасымалдайды. Автобустар арнайы маршрут бойынша 15-20 минут сайын жүреді, кейде кешігетіні болмаса, көп жағдайда уақытылы.

Бұл автобустардың ең үлкен жаман тұсы бар. Чжанцзякоу тау баурайында жатқан соң күн салқын. Ал автобустарда пеш қосылмайды. Кейде автобус ішіне қарағанда дала жылылау секілді көрінеді. Ал жолаушылардың амалы жоқ, қалың киініп алып, өз аялдамасын күтіп отырады. 

Автобуспен жүргіңіз келмесе, Олимпиадаға арналған арнайы таксилер бар. Бірақ бағасын бәрінің қалтасы көтере бермейді. Мысалы, біз 1,9 шақырым жердегі қонақүйге такси шақырғанымызда бағасы 107 юань болды. Бұл біздің валютаға шаққанда - 7 255 теңге. 

4,5 миллионға жуық тұрғыны бар Чжанцзякоуды бір аралап қайту бағы бұйырмады. БАҚ өкілдеріне Олимпиада нысандарынан шығуға тыйым салынған. Өз еркіңмен қала аралап қайтамын десең, жол жабық. Көп жерде күзетшілер жүреді, одан бөлек блокбекеттер бар. 

Одан бөлек полицейлер қолына түсуің де мүмкін. Олимпиада басталғалы біреулер заң бұзып, полицейлер іске кіріскенін көрмеппіз. Тек полиция барын білеміз.  

Әр нысаннан кіріп шыққан кезде осындай қақпалар тұрады. Бұлар автобустар келгенде ғана ашылады. Ар жағындағы өмір Олимпиадасыз-ақ қыз-қыз қайнап жатыр. 

Бұл маңды журналистер бес саусағындай біледі. Күн сайын осында келіп, өз еліне хабар таратады. Бұл - Чжанцзякоудағы басты медиа-орталық. 

Басты медиа-орталықтарда Relax Room бар. Ондағысы - массаж жасайтын креслолар. Әдетте бұл креслолар бос болмайды. Күні бойы жұмыс істегендер, кейде осында демалып, тіпті, мығзып алады.  

Көптеген елдің журналистері спортшысы жүлде алғанына қуанып жатса, біз көбіне жарыстан көңіл-күйіміз түсіп қайтамыз. "Әттеген-ай" дейтін тұсымыз көп. Әзірше спортшыларымыз жеңіс тұғырына шығып, әнұранымыз шырқалған жоқ, сондықтан жарыстарда Қазақстан туын көріп, жылынып жүрміз. 

Спорт нысандарына барсаңыз, қатысушы елдердің туы тізіліп тұрады. 

Бұл - Чжанцзякоудағы қазақстандық журналистер үміттеніп баратын Genting Snow Park аренасы. Иә, могулшы Юлия Галышева финалда сүрінген, акробат Ақмаржан Қалмұрзаеваның аяғы финалда тайып кеткен осы жер. Сол күндері өкініштен өртеніп қайтқан едік.  

Әр жарыс осындай өкінішпен аяқталады да, басың салбырап қонақүйіңе қайтасың. Ертеңіне де сондай күн күтіп тұрады. 

Ал әзірше Бейжің Олимпиадасында қазақстандықтар қатысатын екі спорт түрі ғана қалды. Бейжіңде конькимен жүгіруде, Чжанцзякоуда шаңғы жарысында сынға түсеміз. Ал қысқы Олимпиаданың жабылу салтанаты 20 ақпанға жоспарланған. 

Фото Тұрар Қазанғап©️ olympic.kz

Реклама
Реклама
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная