Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 декабря 2019 16:08

2019 жылы қызу талқыланған фотосуреттер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл желіде түрлі оқиғаға байланысты қолданушылардың қызу талқысына түскен суреттер аз болмады. Олардың бірі халықтың жүрегін елжіретсе, басқа бірі ашуына тиген. Tengrinews.kz тілшісі биыл Желіде ең қызу талқыланған суреттерді жинап шықты.  


Биыл желіде түрлі оқиғаға байланысты қолданушылардың қызу талқысына түскен суреттер аз болмады. Олардың бірі халықтың жүрегін елжіретсе, басқа бірі ашуына тиген. Tengrinews.kz тілшісі биыл Желіде ең қызу талқыланған суреттерді жинап шықты.  

Қар тазалаған әйел мен джип


Фото Вадим Винокуров

Таяуда әлеуметтік желілерде қар тазалап жүрген әйелдің суреті жарияланып, бірден қызу талқылана бастады. Фотосуретте жұмысшылардың жол жиегін қардан тазалап жатқаны көрсетілген. Сол сәтте джип жүргізушісі жолға шығуға тырысып, үйілген қардың үстімен өткен.

"Алматы орталығында, шамамен, Жамбыл мен Қабанбай батыр көшелерінде досыммен кетіп бара жатқанбыз. Сол сәтте сол әйел мен басқа жұмысшылар үйіп қойған қардың үстінен джип өтті. Бұдан қызық кадр шығатынын түсініп, терезеден смартфоннан суретке түсіріп алдым", - дейді фото авторы Вадим Винокуров.

Фотосурет 23 желтоқсанда жасалған. Оны өңдегеннен кейін Вадим Винокуров Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған. Бірақ сурет Қазнетте таралып, қолданушылар оны қызу талқылайтынын күтпеген. Көбіне көлік қожайынының әрекеті ұнамаған.

"Адамдар, мейірімдірек әрі қайырымдырақ болайық. Өздеріңді ғана ойламаңдар!", "Бәрі бумеранг болып оралады. Бүгін ол қымбат көлікте отыр, ертең әйелдің орнында болуы мүмкін", "Иә, өкінішке қарай, мұндай "жаман" адамдар көп, оған қарды өзіне тазалату керек еді. Басқаның еңбегін бағалап үйренсін", - деп жазып жатыр суреттің астындағы пікірлерде.

Автобуста сығылысқан оқушы

Биыл қыркүйекте Қазнетте оқушы баланың суреті тарай бастады. Фотода мектеп киімін киген бала адам толы автобустың ішінде сығылысып тұр. Адамдардың көп болғанынан оқушының беті көлік терезесіне жабысып қалған.

Басында бұл суреттің қайда түсірілгені жайлы түрлі нұсқалар болды. Сурет Қырғызстанда түсірілген деген нұсқа да болған. Бірақ кейін оның Түркістан қаласында түсірілгені анықталды. Қазнет қолданушылары түркістандық оқушыға қолдау көрсеткен болатын.

"Ол не болса да оқу керек деп ойлап тұрған шығар", "Күлкінішті ештеңе жоқ. Байғұс бала", "Мектепке кез келген жағдайда бару керек болып тұр ғой. Байғұс балалар", "Қазақстанның бар мәні бір ғана суретте", - деген секілді пікірлер жазылған.

Кейін бұл суретке қатысты Түркістан әкімі Рашид Аюпов пікір білдіріп, қалада жолаушылар автобусының жеткіліксіз екенін айтқан еді.

"Иә, көлік жетіспей тұр, бірақ бұл мәселені шешіп жатырмыз. Қазір автопаркті жаңарту үшін келісім бойынша Қытайдан Yutong маркалы автобустарды тікелей сатып алынып жатыр", - деген еді сол кезде өңір басшысы.

Мәншүк ескерткіші


Фото:arnapress.kz

Өткен айда Қазнет қолданушылары Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың мүсінін сынға алып тастаған. Мүсіннің суреті әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Батырдың мүсіні Семейдің Жеңіс паркінде қойылуы тиіс болған. Бірақ қала тұрғындары мен Қазнет қолданушылары мүсіннің суретін көріп, авторларын сынға алған.

"Кешіріңіздер, бірақ бұл ұсқынсыз", "Шығармашылық кеңес қайда? Кім рұқсат берген? Бұл қорлаумен тең", "Мәншүк Мәметова фотосуреттер мен кинода өте сұлу, ал мұнау не, мұнда бет-әлпеті өте ұсқынсыз, оның үстіне ағашқтан жасалған, өкінішті", - деп жазған әлеуметтік желілерде.

Кейін мүсіннің авторы Юлия Куртукова мүсін үшін кешірім сұрап, оны паркке қоймайтындарын айтқан.

"Ешқандай экскиз жоқ, образ бен картина жұмыс барысында көріне бастайды. Бұл кей адамдардың наразылығына алып келді. Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірін ескеріп, өз жұмысымызға демонтаж жасадық. Оған өкінбейміз. Жұмысымыз кімнің көңіліне тиді - кешірім сұраймыз", - деген еді Куртукова.

Мүсінге Семей әкімдігі тапсырыс бергені белгілі болған. Өңір басшылығы желілердегі сыннан кейін мүсінді қалаға қоюдан бас тартты.

16-қабаттағы балалар


Фото:instagram.com/kris.p.almaty

Тамызда интернет қолданушылары тағы бір суреттен шошыды. Желіде 16 қабаттың балконында отырған балалардың суреті тарала бастады. Сурет Алматы қаласындағы "Гаухартас" тұрғын-үй кешенінде түсірілген.

Фото авторының айтуынша, балалар алдымен 10-шы, кейін 16-қабаттың балконында отырған. Суреттен 10-нан аса баланың балконда жүргенін байқауға болады.

Фотосурет желіде тарай бастаған соң полиция балалардың ата-аналарын тауып, профилактикалық жұмыс жүргізген. Аяғын балконнан шығарып отырған 2006 және 2007 жылғы екі қыздың ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылған.

Көршілердің айтуынша, балалар балконда көп ойнайды екен.

"Бір-екі ай бұрын бірнеше баланың бүгінгі суреттегідей отырғанын көрдім. Олар жиі солай істейді. Қай қабат екені есімде жоқ, бірақ биік болған. (...). Сол кезде адамдар түсіңдер айғайлаған, олар қашып кетті. Өте қорқынышты. Бір күні трагедиямен аяқталуы мүмкін", - дейді тұрғын үй кешенінде тұратын Александр.

Митинг пен гүл


© facebook/Саяжан Досжанова

Маусымда Нұр-Сұлтандағы митинг кезінде түсірілген сурет халықтың жүрегін елжіретті. Санкцияланбаған митинг кезінде Желіде кішкентай қыздың әскери қызметкерге гүл беріп жатқан сәті тараған болатын.

Сарбаздың митинг кезінде жымиып, кішкентай қыздан гүл алғанын Қазнет қолданушылары жарыса мақтаған. Желідегілер бұл суретті бейбітшілік символына айналдырып жіберді.

"Сол күні сайлауда дауыс беріп, артынша өз шаруаларыммен кеткенбіз. Жолда полицейлер, митинг атрибуттарын көрдім. Маған сол жолмен жүру керек, айналып өтсем де, митингке тап болар едік. Бір кезде қызым бақбақ гүлдерін жұлып, формаға киген ағаларына қарай жүрді. Сол сәтті түсіріп алу керек екенін түсіндім", - дейді кішкентай қыздың анасы.

"Бұл сурет қазақстандықтардың көңіл-күйін бір көтеріп жіберді", "Сурет үшін рақмет. Бұл елде әлі бәрі жоғалған жоқ", "Бала полицейдің жүрегін елжіретті, бұл бәрінің көңілін босатты", "Бұл сурет махаббат пен мейірімділіктің кез келгеннің жүрегін елжірететінін көрсетті", - деген пікірлер жазылған.

Кейін халықтың жүрегін елжіреткен кішкентай қыздың есімі Айрин екені белгілі болды. Ал қызмет барысында одан гүл алған сарбаз - Шамиль Мухитдинов.

Сурет қызу талқыға түскен фотодағы басты кейіпкерлер кейін кездескен. Айриннің анасы елордадағы Ұлттық гвардия әскери бөлімшесіне барып, Шамиль Мухитдиновпен кездескен.

"Сол күні митингте кішкентай қыздың жүргенін көріп, оларды тоқтатқым келді. Артынша кішкентай Айрин маған жақындап, гүл ұсынды да, жымиды. Мен де балаларды жақсы көремін. Сол кезде қалқанды түсіріп, гүлді алдым, көңілім босап кетті. Адамдардың әскерилерге, полицияға сенім артатынын түсіндім. Мұны Айрин өзінің кішкентай әрі үлкен әрекетімен дәлелдеді", - дейді Мухитдинов.

"Риза бол, халқым, балаңа, Арқасын тосқан анаға!"

Сол маусымда Арыста болған жарылыс барша қазақстандықтың қайғысына айналған. Сондай трагедиялық сәтте бір сурет халықты тәнті етті. Желіде Арыста егде жастағы әйелді фурмонга мінгізбек болып, арқасын тосқан құтқарушының суреті тарай бастаған.

Жарияланған сурет 56 мың лайк жинаған және оған Instagram әлеуметтік желісіндегі мыңнан аса жағымды пікір қалдырылған.

"Нағыз ерлік, мұндай жағдайларда тез әрекет ету керек, жарайсың", "Төтенше жағдайда тапқырлық маңызды рөл ойнайды, бұл жігіттің арқасы соны дәлелдеді", "Мұндай жігіттер көп болсын. Мақтанарлық, үлгі боларлық жігіттеріміз бар", "Риза бол, халқым, балаңа, Арқасын тосқан анаға!", - деп жазды желідегілер.

Кейін үлкен кісіге көмектесу үшінарқасын тосқан жігіттің ТЖК лейтенанты Бексұлтан Ибадулла екенін белгілі болды.

"Біздің негізгі міндетіміз - адамдарды құтқару. Шақыру түскен кезде, жоғары жүрісті техникамен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін жылдам әрекет ету керек болды. Сондықтан еңкейіп, арқамды тосып, адамдарды жоғары жүрісті техникаға отырғыздым", - дейді Бексұлтан Ибадуллаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети