05 апреля 2021 12:04

"533 миллион адамның мәліметі тараған". Facebook-ке қатысты даулы оқиға қалай өрбіді?

© Reuters

Кеше, 4 сәуірде хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады. Оның ішінде, қазақстандық қолданушылар да бар. Одан бөлек, хакерлер қолды қылған ақпараттың ішінде Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің де телефон нөмірі тарап кеткен. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желіге қатысты даулы оқиға қалай өрбігеніне шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 4 сәуірде хакерлік форум қолданушыларының бірі Facebook әлеуметтік желісінің 106 елден 533 миллионнан аса қолданушысы туралы мәліметтер базасын жариялады. Оның ішінде, қазақстандық қолданушылар да бар. Одан бөлек, хакерлер қолды қылған ақпараттың ішінде Facebook-тің негізін қалаушы Марк Цукербергтің де телефон нөмірі тарап кеткен. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желіге қатысты даулы оқиға қалай өрбігеніне шолу жасады.

Желіде Мысыр елінің 44 миллион, Тунистің 39 миллион, Италияның 35 миллион, АҚШ-тың 32 миллион, Сауд Арабиясының 28 миллион, Марокко, Түркия, Францииның 19 миллион, Ирактың 17 миллион, Мексиканың 13 миллион, Ұлыбританияның 11,5 миллион, Ресейдің 10 миллион тұрғынының мәліметі тарап кеткен. Оның ішінде, әлеуметтік желіге тіркелген 3 миллионнан аса қазақстандық қолданушының деректері әшкере болған. Желіге қолданушылардың толық аты-жөні, локациясы, туған күні және басқа да мәлімет тараған. 

Мәліметтер тарап кеткенін алғаш болып Hudson Rock компаниясының сарапшылары анықтаған. 

Реклама
Реклама

New York Post газетінің мәліметінше, Желіде Facebook компаниясының негізін қалаушы Марк Цукербергтің де телефон нөмірі тарап кеткен. Компания басшысы туралы ақпаратқа Twitter қолданушыларының бірі назар аударған. 

"533 миллион адамның мәліметіне қатысты, өкінішке қарай, оның ішінде Марк Цукерберг те бар. Егер журналистер Facebook компаниясынан пікір ала алмаса, онда неліктен Желіде тараған нөмірге хабарласпасқа?", - деп жазды басылым. 

Ал Hudson Rock компаниясының киберқауіпсіздік бойынша техникалық директоры Элон Гэл алаяқтар Желіде тараған мәліметті пайдаланып кетуі мүмкін екенін айтады. 

"Facebook қолданушыларының телефон нөмірлері деген секілді жеке деректері бар осындай көлемдегі мәліметтер базасы - алаяқтар бұл ақпаратты әлеуметтік инженерия арқылы шабуыл жасау немесе бұзу әрекеттері үшін пайдаланатын жағдайға әкелуі мүмкін", - деді ол. 

РИА Новости мәліметінше, Элон Гэл қаңтарда Twitter желісіндегі парақшасында белгісіз біреу Telegram-дағы бот арқылы Facebook-тің 533 миллион қолданушысының телефон нөмірін сатып жүргені туралы жазған. Енді Hudson компаниясы сарапшысының сөзінше, бұл мәліметтер тегін қолжетімді. 

Ал еліміздің мемлекеттік техникалық қызмет өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, зерттелген материалдар бойынша, Қазақстан Республикасының қолданушыларына қатысты 3 214 990 жол көлеміндегі мәлімет - аты-жөні, телефоны, елі/тұрғылықты қаласы, жұмыс орны және оқуы көрсетілген ақпарат жария болған. Желіде дербес деректер жариялануының салдары парақша иелері үшін қауіпті болуы мүмкін. 

Кеше, 5 сәуірде елімізде әлеуметтік желіде мәліметтерді қолды қылған алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін адамдар туралы ақпарат тарады. 

"Бүгін алаяқтардың құрбаны болдық, олар кім екенін де білмейміз. Facebook арқылы банк карточкасынан ақша шығарып алған. Facebook-те алынған ақша туралы мәлімет жоқ", - деп жазды тұрғындар. 

Мемлекеттік техникалық қызмет зиянкестердің құрбаны болу қаупі бар екенін ескертті: жеке тұлғаға қатысты кез келген ақпаратты жариялау; қоқан-лоқы; банк картасынан заңсыз ақша шығару; жеке өмірге араласу; балаларға қауіп-қатер төндіру, мысалы, олар оқитын мектептер туралы мәліметтерді БАҚ-та жариялау.

Жеке мәліметтердің әлеуметтік желілерде жариялану қаупін азайту үшін KZ-CERT қызметінің кеңестері:

  • Facebook, Instagram, ВКонтакте, Одноклассники және басқа да әлеуметтік желілердегі парақшалардың құпия параметрлері, күрделі құпиясөз және көпфакторлы аутентификация арқылы қауіпсіз ету;
  • Негізгі пошта жәшігіңізді қауіпсіз қылуыңыз керек, атап айтқанда, көпфакторлы аутентификацияны қосыңыз, барлық құпия сөзді өзгертіңіз;
  • Cенімсіз кілтсөздер қолданбау керек. Әлсіз комбинациялар ештеңеден қорғамайды. 
  • әлеуметтік желіде жеке мәліметтерді, дәлірек айтқанда, паспорт, банк картасы және басқа да маңызды құжаттардың фотосуреттерін жарияламау.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram