02 марта 2020 09:30

"Жарнама 1 миллион теңгеден басталады". WhatsApp-ты басып озған TikTok несімен ерекше?

© REUTERS

WhatsApp әлемдегі ең танымал қосымша атағынан айырылды. Қазір TikTok әлеуметтік желісі бірінші орынға шықты. Қаңтарда TikTok пен оның қытайлық нұсқасы Douyin 104 миллион рет жүктелген. Қосымша пайда болғалы оған 1,82 миллиард қолданушы тіркелген. Платформаны көбіне Үндістан, Қытай, Бразилия мен АҚШ тұрғындары қолданады. Бүгінде ең танымал қосымшаға айналған TikTok несімен ерекше? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

WhatsApp әлемдегі ең танымал қосымша атағынан айырылды. Қазір TikTok әлеуметтік желісі бірінші орынға шықты. Қаңтарда TikTok пен оның қытайлық нұсқасы Douyin 104 миллион рет жүктелген. Қосымша пайда болғалы оған 1,82 миллиард қолданушы тіркелген. Платформаны көбіне Үндістан, Қытай, Бразилия мен АҚШ тұрғындары қолданады. Бүгінде ең танымал қосымшаға айналған TikTok несімен ерекше? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

TikTok қайдан шықты?

Реклама
Реклама

2016 жылдың қыркүйегінде ByteDance қытай компаниясы Douyin әлеуметтік желісін іске қосты. Кейіннен бұл желінің халықаралық нарыққа арналған TikTok атты көшірмесі шығарылды. 

2017 жылдың 9 қарашасында ByteDance musical.ly әлеуметтік желісін сатып алып, 2018 жылдың 2 тамызында оны TikTok-пен байланыстырды. 

Қазіргі кезде ТіkTok - әлем бойынша кеңінен таралып, жылдам дамып келе жатқан және ең көп жүктелген әлеуметтік желі. Бүгінде ТіkTok қосымшасын әлемнің 150 елінен 500 миллионнан аса адам пайдаланады. Желінің негізгі аудиториясы - жасөспірімдер.

Бағдарлама интерфейсі

TikTok желісінде қолданушы дайын аудиоларды пайдаланып, қысқа видеолар түсіреді. Басқа адамға жауап беру арқылы "дуэт" жасауға болады. Қолданушылар мемдер жариялап қана қоймай, әлеуметтік маңызы бар тақырыпта видеолар түсіреді. 

Сонымен қатар, платформа қолданушылары көбіне түрлі форматтағы 15 не 60 секундтық видео түсіреді. Басты бетте бірден видеолар шығып тұрады. Видеоның жанында лайк, пікір саны мен бөлісу функциясы бар. Платформаны пайдаланушылардың 41 пайызы 16 мен 24 жас аралығындағы жастар.

Бағдарламаны 13 жастан асқан кез келген адам жүктеп, тіркеле алады. Ашық дереккөздерге сүйенсек, TikTok бағдарламасында компания жарнамасы - 25 мың доллардан басталады. Тағы бір жарнама жасау бағыты - Hashtag Challenge. Ол бренд атауын алты күн жарнамалайтын флешмоб. Жарнама қосымшадағы "Қызықты" функциясында пайда болады. Ол үшін компания 150 мың доллар төлеуі қажет.

Бүгінде бұл платформада оқырманы көп адам - Лорен Грей есімді қыз. Оның TikTok-та 40 миллионға жуық оқырманы бар. 

Желіге қатысты жанжалдар

2018 жылдың ақпанында АҚШ-та TikTok ата-ананың рұқсатынсыз 13 жасқа толмаған балалардың дерегін заңсыз түрде жинағаны үшін күдікке ілінген. Бағдарлама әзірлеушілеріне 5,7 миллион доллар көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл төлемі бойынша шешімді АҚШ Федералды сауда комиссиясы қабылдады.

Ашық қол дерек көздерінде кәмелет жасқа толмағандардың жеке ақпараты: есімі, телефон нөмірі, суреті және видеолары жарияланып кеткен. Сонымен қатар, комиссия балалардың бейнематериалдарын өшіруді міндеттеді. 

Одан бөлек, 2019 жылдың желтоқсанында АҚШ билігі бағдарлама қолданушылардың жеке ақпаратын ұрлауы мүмкін деген күдікке ілінді. Сөйтіп, АҚШ-тың әскери офицерлеріне TikTok-ты қолдануға тыйым салынды. Бұл шешімді АҚШ Қорғаныс министрлігі 2019 жылы 16 желтоқсанда желінің төндіріп отырған қаупі туралы ескерту ретінде қабылдады. 

Сонымен қатар, 2020 жылы 4 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаменті және Ішкі қауіпсіздік Министрлігі қызметкерлеріне TikTok әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram