"Қарапайым Қайрат" актері коронавирус туралы видео түсірді

Камила Долаева Корреспондент
"Қарапайым Қайрат" актері коронавирус туралы видео түсірді

Актер, тележүргізуші Еділ Анарбай коронавирус туралы видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер, тележүргізуші Еділ Анарбай коронавирус туралы видео түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Роликті актер кеше, 24 шілдеде өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады. Сюжет бойынша, Еділ Анарбай алдымен түшкіріп, жөтеле бастайды, бірақ назар аудармайды. Кейін иіс, дәм сезбей қалады. Дәріханадан ешқандай дәрі таппай, су іше береді, жылы киінеді. Үрейленіп достарына, жақындарына қоңырау шалады, қарыз ақшаларын қайтарады. 

Видео соңында актер ауырып қалмаудың амалын айтты. 

Реклама
Реклама

"Бір түсінгенім, ауырмау үшін маска тағу керек, қолды жуып жүру керек, дұрыс тамақ ішу керек, эмоцияға берілмеу керек", - деді ол. 

Еділ Анарбай "Пәленшеевтер", "Патруль" секілді сериалдарда ойнаған. Ұзақ жылдар бойы Bas Production продюсерлік орталығында жұмыс істеген. Ал қазір орталықтан кетіп, You Tube қолданушылары арасында танымал "Қарапайым Қайрат" атты интернет-сериалдың басты рөлінде ойнап жүр. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Вопрос от автора
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама