18 июня 2021 | 15:31

Роналдудың Coca-Cola бөтелкелерін алып тастағаны қалжыңға айналды

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду баспасөз конференциясында үстелдегі Coca-Cola бөтелкелерін шетке қойып, су бөтелкесін көтеріп, "су ішіңдер" деген еді. Желі қолданушылары Роналдудың бұл әрекетін қалжыңға айналдырып, түрлі видео таратып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қалжыңдардың бірінде Роналду дастархан басында отырады. Ол бұрыштың құтысын бір жерден екінші жерге ауыстырады. Осылайша, бұрышқа да жарнама жасалған.

Реклама
Реклама

Екінші бір видеода украиналық футболшы Андрей Ярмоленко Роналду әрекетін әзілге айналдырды.

"Роналду Сoca-Сola-ны алып тастағанын көрдім, мен оны жаныма қояйын", - деді Ярмоленко.

Қалжың видеолардың біріне дағыстандық блогер Хасбулла Магомедов те бар.

Роналду бөтелкелерді үстелдің шетіне қойған сәттен кейін сусын өндірушінің акциялары төмендеп кетті деген ақпарат тараған.

@sanchesfishingtv

Кока кола! ##cocacola ##ronaldo ##cristiano ronaldo ##кола ##кокакола ##криштиануроналду ##роналду ##роналдо7 ##роналдо

♬ оригинальный звук - Aleksandr Truschenko

TikTok-та да мұндай қалжыңдар жетерлік.

Криштиану Роналду әрекетінен кейін, Францияның жартылай қорғаушысы Поль Погба оны қайталап, баспасөз конференциясында сыра бөтелкесін үстелден алып тастаған.

Видеоны пайдаланып, Роналдудың орнына өзін қойып, өзге тауарларды жарнамалағандар да болды.

Видеолардан бөлек, әлеуметтік желілерде Роналдудың бұл әрекеті мемге айналды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram