07 сентября 2020 | 11:51

"WhatsApp-тан жазып, қарыз сұрайды". Әлеуметтік желідегі 5 алаяқтық

Фото: elements.envato.com

Қазақстанда желі арқылы қазақстандықтарды алдап, ақшасын жымқыратын алаяқтар өте көп. Алаяқтардың түрлі тәсілі бар, олардан алданып, ақшасынан айырылған қазақстандықтар аз емес. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардың ақшасын ұрлап жүрген алаяқтардың тәсілдерін жазады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда желі арқылы қазақстандықтарды алдап, ақшасын жымқыратын алаяқтар өте көп. Алаяқтардың түрлі тәсілі бар, олардан алданып, ақшасынан айырылған қазақстандықтар аз емес. Tengrinews.kz тілшісі әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтардың ақшасын ұрлап жүрген алаяқтардың тәсілдерін жазады.

WhatsApp-тан жазып, қарыз сұрайды

Реклама
Реклама

Желі қолданушыларының жазуына қарағанда, WhatsApp мессенджерін пайдалатын алаяқтар пайда болған. Олар белгілі бір адамның атын жамылып, WhatsApp-тан сол адамның таныстарына жазады. Алаяқ мессенджерде жаңа аккаунтқа бір адамның суреттерін сақтап, сипаттамасына аты-жөнін жазып қояды. Сөйтіп, сол адамның таныстарына жазып, қарызға ақша сұрайды екен.

Көбіне қасында адамдар барын ескертіп, телефонмен сөйлесе алмайтынын жазады. Сөйтіп, белгілі бір соманың қажет болып тұрғанын айтып, қарызға ақша сұрайды. Егер қарыз сұраған адамда ондай сомада ақша болмаса, "Қазір қанша бар, сонша жіберші" деп сұрайды. Сөйтіп, "бүгін кешке қайтарып беремін" деп уәде етеді.

Алаяқтардың мұндай тәсілінен алданып қалғандар бар екен. Бірінің айтуынша, үйінде қонақтар болғасын, расымен де, танысы жазды деп ойлап, қажетті қаражатты картаға аударып жіберген.

Алаяқтар ізін жасыру үшін өз картасын пайдаланбайды. Олар кейін алданғанын біліп, ақша аударылған картаның нөміріне хабарласқан. Бірақ карта иесі де алданған болып шыққан. Себебі алаяқ түрлі сылтаумен көшедегі адамдардың бірінен картасын сұрап алып, сонда ақшаны аудартып, шешіп алады екен.

"ВКонтакте" желісіндегі алаяқтар

Алаяқтар кезекті "құрбанын" іздегенде барлық әлеуметтік желіні қолданады. Мысалы, "ВКонтакте" желісі арқылы да алаяқтыққа баратындар көп екен.

Желі қолданушыларының бірі таяуда оған "ВКонтактеде" танысы жазғанын мәлімдеген. Ол бұл досымен жиі сөйлесетіндіктен ешнәрсеге күмәнмен қарамаған. Басында қал-жағдайды сұрасқан соң, досы алаяқтардың құрбаны болғанын жазған. Алаяқтар есепшотының паролін бұзып, банк картасындағы қажаратының бір бөлігін ұрлап кеткенін мәлімдеген.

"Сондықтан дереу арада қалған ақшамды сенің картаға жіберейін", - деп сұрайды досы.

Бұл өтінішке көңіл бөлмеген желі қолданушысы картасы мен телефонының нөмірін айтқан. Бұл басқа картаға ақша жіберу кезіндегі қарапайым процедура. Бірақ досы көп ұзамай оның туған күнін сұраған. Желі қолданушысы ойында ештеңе болмағанын, сондықтан туған күнін жаза салғанын айтады.


Фото: Tengrinews ©

Бірақ бірнеше минуттан соң желі қолданушысының банк картасының кілтсөзін біреу өзгертіп, ішіндегі ақшасын жымқырған. Кейін досының "ВКонтакте" желісіндегі парақшасын бәзбіреулер бұзып кіргені белгілі болған.

Дәл осындай жағдай желіде көптеп кездеседі. Бір қолданушы осындай оқиғаға тап болғанын жазған. Бірақ оның ұялы телефонына банк картасының кілтсөзі өзгергені туралы хабарлама келгенде, ол бірден банкке қоңырау шалып, кілтсөзді қайта өзгертіп тастаған.

Сондықтан, мұндай жағдайға тап болғандар желіде достары осындай өтініш айтса, өзіне қоңырау шалып, досының "рас-өтірігін" біліп алуға кеңес береді.

"Коронавирусқа қарсы препарат" сататындар шыққан

Алаяқтар коронавирус дүние жүзіне тарап жатқан сәтте пандемияны да пайдаланып қалмақ болған. Instagram желісінде "Коронавирусқа қарсы америкалық тест пен ауру қаупін түсіретін вирусқа қарсы препарат" сатылатыны айтылған парақша пайда болған.

"Сатушылар" әлеуметтік желіде аккаунт ашқан кезде бұған еш қатысы жоқ әйелдің құжаттарын пайдаланған болып шықты.

"Жалған сатушылар Алматы тұрғынының реквизиттерін, атап айтқанда жеке куәліктің көшірмесі мен банктегі есепшот орналастырғаны анықталды. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, аты-жөні мен құжаттары пайдаланылған әйелдің онлайн-сатылымға ешқандай қатысы жоқ, аккаунт ашпағаны анықталды", - деп хабарлады ІІМ.


Фото: pixabay.com

"Сатушылар" телефон нөмірін жазып, сол арқылы келіссөз жүргізуді ұсынады. Сондай-ақ, WhatsApp мессенджері арқылы ғана телефон соғуға болатынын ескертеді.

Онлайн-сатушының АҚШ-тан әкелген медициналық бұйымдар Алматыдағы қоймада тұрғанын айтады. Бұйымдардың ең арзаны - 7 мың теңге. Төлемді алдын ала жасау қажет. Сатушы "кезекті құрбанымен" сөйлескенде адамдардың 100 мың теңгелеп жіберіп жатқанын айтып сендіреді.

Ақша аударылғаннан кейін сатушылар жоғалып кетеді.

"Кредит қарызын алып тастаймын дейтіндер бар"

Сарапшылардың пайымдауынша, алдағы уақытта желідегі алаяқтар арасында ең "танымал" болатын - тәсіл тұрғындарға кредиттер бойынша қарыздарды алып тастауды ұсыну. Әлеуметтік желілерде мұндай хабарландырулар көбейген. Алаяқтар аз ғана ақша берсеңіз, кредит бойынша қарыздарыңызды алып тастатамын деп уәде береді.

Қазақстан ұлттық банк мамандары алаяқтардың көбейгенін ескеріп, халықты мұндай хабарландыруларға сенбей, ешкімге ақша бермеуге шақырды. Алаяқтар ақшаны алғаннан кейін жоғалып кетеді.


Фото:bankist.ru

Кейін дәл осындай хабарлама басқаша тарады. Яғни, сізге кредитіңіздегі қарызды алдырып тастаймын деп уәде береді. Бірақ ол үшін алдын ала ақша сұрамайды. Қызмет ақысын жұмыс біткеннен кейін беретініңізді айтады.

Бірақ кредит мәселесін шешу үшін банктегі есепшот мәліметтерін, жеке куәлігіңіз мен карта нөмірін сұрап алады. Сосын микроқаржы ұйымдарынан сіздің атыңыздан онлайн-кредит алады.   

Сыйлық "тарататындар" да бар

Желідегі алаяқтықтың тағы бір түрі - сыйлық беру. Яғни, телефоныңызға не WhatsApp-аккаунтыңызға сыйлық жеңіп алғаныңыз туралы хабарлама келеді. "Оны алу үшін мына сілтемеге өтіңіз" деген секілді жазба болады. 

Мысалы, былтыр қазақстандықтар арасында "Adidas кроссовка сыйлайды" деген ақпарат тараған. Кейін сілтемеге өткен кезде алаяқтар қолданушының жеке мәліметтерін біліп алады.

Алаяқтар бұл жағдайда көбіне танымал компаниялардың атын жамылады. Жоғарыда аталған Adidas, Google, Apple, Facebook секілді компанияларды қолданады.

Тағы бір мысал, былтыр WhatsApp мессенджерінде сервистің 10 жылдығына орай тегін 1000 гигабайт "таратқандар" болған. Мұндағы жалғыз мақсат - сілтемеге басқан адамның жеке мәліметтерін алу. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная