31 марта 2021 | 13:13

1 сәуірден бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

1 сәуірден бастап қазақстандықтар өмірінде біршама өзгеріс болады. Электр энергиясы қымбаттайды, зейнетақы жинағы төлемі өзгереді. Tengrinews.kz тілшісі 1 сәуірден бастап елімізде не өзгеретінін баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 сәуірден бастап қазақстандықтар өмірінде біршама өзгеріс болады. Электр энергиясы қымбаттайды, зейнетақы жинағы төлемі өзгереді. Tengrinews.kz тілшісі 1 сәуірден бастап елімізде не өзгеретінін баяндайды.

Электр энергиясы қымбаттайды

Қазақстанда 1 сәуірден бастап жылу электр станцияларының шекті тарифтері орта есеппен 15 пайызға артады. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахымов мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Рахымов 2020 жылдың қыркүйегінде 45 энергия өндіруші ұйымның 37-сі электр энергиясын өндірудің шекті тарифтерін қайта қарауға өтінім бергенін айтты.


Фото: elements.envato.com

Оның мәліметінше, Қазақстанның энергетика көздерінің басым бөлігі өткен ғасырдың 60-70-жылдары пайдалануға берілген. 2020 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы энергетикалық активтердің 53 пайызы тозған. Тиісінше, өндіру секторындағы негізгі шығындар жөндеу жұмыстарына кетеді. Рахымов станциялардың көбінің кірісі нақты шығыннан аз екенін айтады.

Оның сөзінше, тарифтердің өсуі көмірдің қымбаттауымен де байланысты. 2020 жылы Қаражыра көмірінің бағасы 8,6 пайызға, Богатырь көмірінің бағасы 9,9 пайызға өскен. Ал оны тасымалдау шығыны 7 пайызға артқан.

Сондай-ақ, вице-министр энергия өндіруші компаниялар қызметкерлерінің жалақысын көтеру қажет екенін мәлімдеді.

Зейнетақы төлемдері жаңа әдіспен есептеледі

2021 жылдың 1 сәуірінен бастап БЖЗҚ-дан ай сайынғы төлемді есептеу әдістемесі өзгереді.

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері жылдық соманың он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады. Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем емес мөлшерде беріледі. Бұрын ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан кем болмауы керек еді.


Фото: Әлихан Сариев

"2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептеледі - 6,5 пайыз", - делінген БЖЗҚ сайтында.

Ал одан кейінгі жылдары ай сайынғы төлем 5 пайызға артып отырады.

Мысал келтірейік. Зейнетақы жинағында 6 миллион теңге бар делік. Бір жылда сізге оның 6,5 пайызы беріледі, бұл - 390 мың теңге. Оны әр айға бөлсек, 32 500 теңгеден шығады. Ал келесі жылы ай сайынғы төлем 5 пайызға артады, яғни, 34 125 теңге болады.

Көлік салығын төлеу аяқталады

Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарына қарағанда, 1 сәуірде 2020 жылдағы көлік салығын төлеу аяқталады.

"Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын 2020 жылғы салық Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ақпараты негізінде есептеледі", - дейді комитеттегілер.


Фото © Николай Колесников

Қанша салық төлеу керегін комитет сайтынан, egov.kz порталынан, банктер қосымшасынан қарауға болады.

Биыл салықты комитеттің арнайы Е-Salyq-Azamat қосымшасы арқылы да төлеуге болады.

Ал егер қолма-қол төлегіңіз келсе, екінші деңгейлі банк бөлімшелеріне бару қажет. Карта арқылы терминалдардан да төлеуге болады.

1-сыныпқа қабылдау басталады

Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 1 сәуірде бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау басталады. Ол 1 тамызға дейін созылады. Министрлік қызметкерлері бұл білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін шығарылған шешім екенін айтып отыр.

"Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын-ала сатып алады. Сонымен қатар, педагогтар құрамын анықтап, сағат санын бөледі", - делінген хабарламада.


Фото: Tengrinews.kz

Құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн өткізуге де болады.

Қажетті құжаттар:

  • Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
  • Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • "Бала денсаулығы паспорты" 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
  • 3х4 көлеміндегі 2 фото.

Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

Оқушыларға төртінші тоқсан басталады

1 сәуірде оқушылар оқу жылының соңғы, төртінші тоқсанын бастайды. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты таяуда бас мемлекеттік санитария дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан. Онда төртінші тоқсандағы оқу бойынша да айтылады.

Елдің барлық өңірінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай дәстүрлі форматта оқытуға болады.

"Тәуекелі төмен және орташа аймақтарда (жасыл және сары аймақтар) орналасқан өңірлердегі жалпы білім беретін мектептерде барлық сыныптардың оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат берілсін", - делінген жаңа қаулыда.


Фото: Тұрар Қазанғапов

Ал "қызыл" аймаққа кіретін қалалардың оқушыларына ереже басқа. Мұнда жалпы білім беретін мектептерде 1 сыныптан бастап 5 сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1 сыныптан бастап 7 сыныпты қоса алғанда, мектеп алды сыныптарының оқушылары үшін сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқытуға рұқсат берілген.

Оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтан аралас форматта оқиды. Бірақ сыныпта 15 адамнан аспауы керек, "1 сынып - 1 кабинет" қағидаты бойынша оқып, санитариялық-дезинфекциялық және маска режимін сақтау қажет.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная