05 ноября 2020 | 11:53

"10 миллиард қаржы тиімсіз жұмсалады". Сенатор ЖОО жүйесінде реформа жүргізуді ұсынды

Рахила Тлеуова Корреспондент
© abctv.kz

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев отандық ЖОО-лар шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін пайдаланып, студенттерге іргелі ғылымдар саласында өз деңгейінде заманауи білім бере алмайтынын айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Ол егер бүгінде жоғары білім беру жүйесінде реформалар жүргізілмесе, онда қазіргі кездегідей жыл сайын бюджеттің 10 миллиардқа дейінгі қаржысы тиімсіз пайдаланылатын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев отандық ЖОО-лар шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесін пайдаланып, студенттерге іргелі ғылымдар саласында өз деңгейінде заманауи білім бере алмайтынын айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Ол егер бүгінде жоғары білім беру жүйесінде реформалар жүргізілмесе, онда қазіргі кездегідей жыл сайын бюджеттің 10 миллиардқа дейінгі қаржысы тиімсіз пайдаланылатын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Күрішбаев депутаттық сауалында ЖОО басқару жүйесінде жүзеге асып жатқан реформаларда ғылыми әлеуеттің, білім беру бағдарламалары мен инфрақұрылымның сапасына айрықша назар аудару керегін айтты. Депутат елімізде теориялық білімді іс жүзінде қолдану үшін қажетті база қалыптаспаған деп санайды. Еуропаның көптеген университеті ғылыми-зерттеу институттары ретінде жұмыс істейді. Сенатор бұл жүйенің Қазақстанда енгізілуі ғылымға деген ынта-ықыласты арттырып, сапалы мамандар даярлауға қол жеткізуге болатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Біз оқыту жүйесін жаңарта алмадық, бұл - біздің басты әлсіз тұсымыз. Жоғары білікті мамандардың жетіспеуі біздің экономикамыздың дамуына үлкен кедергі болып саналады", - деді сенатор Ақылбек Күрішбаев.

Сондай-ақ депутат мемлекеттік гранттарға бөлінген қаражат іс жүзінде ысырап болып жатқанына тоқталды.

"Жоғары оқу орындарының түлектері өндіріске бармайтындықтан, онда салалық мамандар жетіспейді. Бірақ Білім және ғылым министрлігінің ресми деректері бойынша өткен жылы грант алушылардың 40-тан 74 пайызына дейін түлектері жұмыс тапқан", - деді ол.

Сенатор бұл сандардың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Сонымен қатар, егер бүгінде жоғары білім беру жүйесінде реформалар жүргізілмесе, онда қазіргі кездегідей жыл сайын бюджеттің 10 миллиардқа дейінгі қаржысы тиімсіз пайдаланылатын болады.

Ақылбек Күрішбаев университеттердегі менеджмент жүйесін өзгерту қажет деп санайды. Сондықтан ол  жаңа институт, арнайы ғылыми кеңес құруды ұсынып отыр. Оның функциялары заңда белгіленуі керек. Бұл кеңес қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорларын сайлауды жалғастырады және университеттердің қызметі мен білім сапасына бақылау жасай алады.

Депутат жоғары оқу орындарының жұмысындағы бар кемшіліктерді жою үшін жекеменшік оқу орындарын жабу жеткіліксіз екенін, сондықтан Қазақстанда жоғары білім беру жүйесін қайта қарастыратын кез келгенін айтты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная