СКАЧИВАЙТЕ НОВОЕ ПРИЛОЖЕНИЕ TENGRINEWS
12 ноября 2021 | 11:30

"10 сотық жер". Қазақстандықтар үй төбесіне тауық қора салған ақтаулыққа көмектеспек

© lada.kz

Қазақстандықтар Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға көмектеспек. Кәсіпкерлер алты баланың әкесіне 10 сотық жер сыйламақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар Ақтауда көпқабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алған тұрғынға көмектеспек. Кәсіпкерлер алты баланың әкесіне 10 сотық жер сыйламақ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл оқиға желіде тарағаннан кейін тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан ақтаулық тұрғынға қолдау көрсетуге ниет білдірген. Оның Instagram-парақшасындағы жазбасына кәсіпкер Сырымбек Тау пікір жазып, көпбалалы отбасына 10 сотық жер сыйлауды ұсынған. 

"Біз ақтаулық тұрғынға көмектесейік деп шештік. Оған 10 сотық жер, саяжай алып береміз. Ақтау тұрғындары, сіздерде 10 сотық жері бар саяжай қанша тұрады, айтыңыздаршы", - деп кәсіпкерлер бейнеүндеу жариялады. 

Реклама
Реклама

Ал блогер Дәулет Төлеутайұлы (Dauletten) ақтаулық тұрғынға салынған айыппұлды төлеп беруге дайын екенін мәлімдеді. 

"Әрекетке берекет! Біздің басшылық айыппұл салғанға мастер! Керісінше, жергілікті әкімшілік осындай еркектерге неге жер бермейді? Жер берсе, қораны да салып берер еді ғой. Ұрлық жасап, адам тонап жатқаны жоқ! Адал еңбекпен нәпақасын табуда, ешкімге алақан жаймай 6 баласын бағуда. Көп балалы әкенің айыппұлын мен төлеп беруге дайынмын. Ақтаулықтар, Рүстем мырзаның жеке нөмірі болса жіберсеңіздер екен" - деп жазды блогер. 

Қазақстандықтар мұндай ұсынысты қолдап жатыр. 

"Ақша жинайық, оған жер учаскесін сыйлайық, ферма ашып, ірі мал асырасын", "Қолдаймыз, ел болып жиналайық", "Есепшот ашыңыздар, біз ақша жинаймыз", "Осындай еңбекқорларды құрметтеймін, ақша жинайық", - деп жазған Қазнет қолданушылары. 

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда ер адам алты баласын асырау үшін 12-шағынаудандағы он қабатты үйдің төбесіне тауық қора салып алғаны хабарланған. Тауық қора салу идеясы Русланға бір айдан аса уақыт бұрын келген. Оның себебі - азық-түліктің қымбаттауы. Шатырдың кілтін ПИК-тен алған. Ол тек құстармен шектелмей, қоян да асыраған. Бұл үшін оған 65 мың теңге айыппұл салынған. 

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная