31 мая 2021 | 12:07

12 бала мен аштық. Қуғындалған Қожықовтың немересі зұлмат туралы айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Қоңырқожа Қожықов ортада. Фото: Tengrinews/Сандуғаш Сұлтан

Бүгін, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қуғынға ұшыраған Қоңырқожа Қожықовтың немересі Сәуле Қожықовамен сұхбаттасты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі қуғынға ұшыраған Қоңырқожа Қожықовтың немересі Сәуле Қожықовамен сұхбаттасты.

"Біз сенің жаман әкеңді сен жақсы оқу үшін әкетіп барамыз"

Менің атам Қоңырқожа Қожықов 1880 жылы Ақмешітте өмірге келіп, 1938 жылы Алматыда атылған, Қорасан қожа руынан шыққан.

Реклама
Реклама

Атамды тұтқындауға келгенде кіші ұлы Сұлтан аяғына жармасып, жылап, жібермепті. Сол кезде тергеуші баланы итеріп жіберіп, "біз сенің жаман әкеңді сен жақсы оқу үшін әкетіп барамыз" деген екен. Сол кезде осындай мысқыл, қорлық көрсетілген. Аналарымыздың айтуынша, ол кезде тұтқындарды ештеңеге қарамастан әкете беретін болған, үстінде қандай киімі бар, қарамаған. Қамауға әкетер кезде атам көпшілік кітапханада жұмыс істепті. Ол кезде адамды тұтқындамас бұрын алдымен жұмыс орнында қысым көрсетіп, ілік іздей бастайтын болған, олардың қандай мықты маман екені ескерілмеген.


Қоңырқожа Қожықов

Атам араб, шағатай, парсы, өзбек және орыс тілдерін жіті меңгерген. Ол орыс тілінде көптеген мақала жариялаған. Оны тұтқындар алдында жұмыс орнында қысым көрсетіліп, соқтыға бастаған. Атам жұмыс істеген кітапханада Асфендияров пен Сәдуақасовтың жұбайлары да қызмет еткен. Кейін құпия құжаттарды ашқанда оларға қатысты істердің жыртылғанын байқадым, демек, ол істердің көзі жойылуы тиіс болған. Яғни, оларды тұтқындамас бұрын түрлі сөгіс жарияланып, түрлі бұйрық шығарып, тіпті жұмыстан қудалаған. Атама да сондай сөгіс жарияланған екен.

"Сені алтын түймелерің үшін жақсы көрдім"

Әжемнің әңгімелерінен білетінім, атам өте тұйық адам болған екен. Отбасының жағдайы да айтарлықтай жақсы болмапты. Атам мен әжем кездесіп жүрген уақытта әжем атастырылған, қалың малы да төленген болыпты. Ал атам оқуын бітіріп, мектеп ашуға келгенде әжем оған қатты ғашық болып қалған. Сөйтіп, атам оны алып қашып, соңы барымтаға ұласқан, сұмдық соғыс болған. Бірінің малын бірі айдап әкетіп, үш ауылдың арасында қырғын болыпты.

Ақыры екеуі елден қашып, балалары өмірге келген. Атам жұмысынан айырылған. Ол Император семинариясын аяқтаған соң, патшалық шенеунік ретінде мундир киіп жүрген. Атам ауылға барғанда бүкіл қыз оған ғашық болатын көрінеді. Атамның да айттырған қалыңдығы болған, бірақ оған үйленбеген, ал әжемнен біраз жасқа үлкен болыпты. Ал менің әжем Ләтипа өзінің ғашық болып қалғанын ешқашан мойындағысы келмей, "мен сені алтын түймелерің үшін жақсы көрдім" дейді екен.


Ләтипа Қожықова

Атам мен әжемнің махаббат хикаялары өте қызық. Әжем атамның жүрегін жаулау үшін түрлі амал қолданған екен. Бір кездері атам қыздарға арналған сынып ашыпты, біраз уақыттан кейін қыздар бірінен соң бірі сыныптан кетіп, жалғыз әжем Ләтипа қалыпты. Сөйтсе ол атама ешкім қарамау үшін, қыздарды сыныптан кетіру үшін оларға маза бермей, қуып шығатын болған, сөйтіп жүріп жүрегін жаулаған.

"Тұтқындалатынын сезген"

Атам туралы да қызық оқиғалар өте көп. Ол кісі аңғал, шаруаға икемі жоқ адам болыпты. Ашаршылық жылдарының бір күнінде Ташкентке азық-түлікке барып, бір қап күрішті әкеле жатып, ұйқысы келіп, қапты белдігіне байлап ұйықтап қалыпты, оянса күріші жоқ, ұрылар кесіп алып кеткен.

1938 жылы Алаш ордалықтардың барлығы қамалып жатқанда менің атам да жақында тұтқындалатынын сезіп жүріпті. Сол кездері қамалғандардың арасында менің атам ең үлкені болған. Бірге жұмыс істеген, замандас, дос болған Мұхаметжан Тынышбаевтар барлығы тұтқындалған.


Қоңырқожа Қожықов, ату жазасына кесілген, 15.02.1938 жыл. Суреттер: Tengrinews/Сандуғаш Сұлтан.

"Үйге күнде офицер келетін"

Қоңырқожа Қожықовтың төрт баласы болған, үш ұл мен бір қыз. Менің әкем - Құлахмет Қожықов, отбасындағы екінші бала. Менің әкемді ғана тұтқынға алмаған, бірақ үнемі бақылауда болдық. Репрессияның үш толқыны болды, үшіншісі соғыстан кейін, 50-жылдары. Соғыс аяқталған еді, репрессия жалғасты. Әлі есімде үйге күнде офицер келетін. Әкем киностудияда жұмыс істеді, органдағылар оны үнемі бақылап, күнде бір уақытта үйге келетін. Ол кезде "план" деген болды, тұтқындайтын адам санын толтыру.

Мирзоянның Сталинге жазған хатын тауып алдық, онда "выполнил план расстрела" деп, көрсетілген санды қарындашпен түзеп жазған. Сонымен қатар, план артығымен орындалғаны және планды көтеру ұсынылған.

Ол зұлмат заманда азаматтарды алып кетіп, олардан хабар келмеген, олардың тірі немесе өлі екенін ешкім білмеген. Олардың отбасыларын алдап, жіберген заттарын алып отырған, жылы киім әкеліңдер, тамақ әкеліңдер деген, шын мәнінде алып кете сап атып отырыпты. Органдағылар қуғынға ұшырағандардың отбасы мүшелерін алдап, "аурудан қайтыс болды" деп жасырған. Мысалы, менің атамды демікпеден көз жұмды деген.

Ал, әжем қуғындалған балаларының балаларын жинап, өзі асырады. Ашаршылық жылдарында ішерге тамақ табу өте қиын болған. Әжем Ләтипа опера театрында жұмыс істеді. Сол жерге балаларды кезекпен ертіп апарып, буфетке кезекпен кіргізіп тамақтандырған, балалар өз кезегін асыға күткен. Ол кезде үйде шамамен 12 бала болыпты.

Қоңырқожа Қожықов - қоғам қайраткері, ағартушы, ғалым. Ол қазақ-орыс мектебін, Ташкент мұғалімдер семинариясын бітірген. Сырдария губерниясында мектеп инспекторы, қазақ-орыс училищесінің меңгерушісі, Түркістан, Перовск, Әндіжан қалаларындағы мектептерде оқытушы болды. 1912 жылы Орынборда жазған "Әліппе" оқулығы және Шәді Жәңгірұлы мен Қалиасқар Қасымовпен бірігіп шығарған "Русие патшалығында Романов нәсілінен хукимранлик қылған патшалардың тарихлары" атты дастаны жарық көрген.

Патша өкіметінің 1907 жылғы 3 маусымдағы жарлығына сәйкес, қазақтар мен Түркістан өлкесінің өзге де жергілікті халықтарының Мемлекеттік Дума жұмысынан шеттетілуін нағыз әділетсіздік деп бағалап, ол жарлықтың күшін жою жолында ұйымдастырылған іс-шараларға қатысты, 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін Ферғана өңіріндегі қазақтардың мүддесін қорғайтын "Көшпенді" атты ұйым құрып, оған жетекшілік еткен.

1917 жылы тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақтарының съезінде бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылған. Осы автономияның Уақытша кеңесінің мүшесі болып сайланды. Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі кезеңде Мұстафа Шоқай сияқты қайраткерлермен астыртын байланыста болған.

1922 жылы Әулиеатада уездік жер басқармасында істеді. Жетісу өңіріне жиі экспедицияға шығып, көне қорғандар мен ескерткіштерді зерттеумен айналысқан. Орхон жазуы, Қозы Көрпеш - Баян сұлу, Келіншектас, Ақтас мазарлары туралы ғылыми еңбектер жариялады. Араб, парсы, шағатай тілдерін жете меңгерген ол осы тілдердегі тарихи және әдеби шығармаларды қазақшаға аударған.

1936 жылы Қазақ КСР-інің мемлекеттік көпшілік кітапханасына (ҚР Ұлттық кітапханасы) Сүлеймен Бақырғанидің "Хикмет Хазірет Сұлтан әл-ғарифин" атты қолжазба кітабын тапсырған. 1935-36 жылы жарық көрген екі томдық "Қазақтың өткендегі тарихы туралы деректер мен материалдар" атты жинақты құрастырушылардың бірі. 1938 жылы халық жауы ретінде тұтқындалып, ату жазасына кесілген. 1957 жылы 23 желтоқсанда ақталды.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная