ПОДЕЛИТЬСЯ
21 августа 2020 | 13:17
"15 миллиард теңге". Маман жеңіл көлік алу үшін бюджеттен қанша қаражат жұмсалатынын айтты
2019 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4,5 мың көлік сатып алынды. Оның ішінде жеңіл көлікке 15 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2019 жылы мемлекеттік сатып алу арқылы 4,5 мың көлік сатып алынды. Оның ішінде жеңіл көлікке 15 миллиард теңгеге жуық ақша жұмсалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Департамент директорының айтуынша, Президент жариялаған мораторийден кейін тек арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары көлік сатып алған.
"Мемлекет басшысы көлік және жиһаз алуға мораторий жариялады. Оның аясында бұл тыйым салу туралы мемлекеттік мекеме және квазимемлекеттік сектор субъектісіне қатысты нормативтік құжат шықты. Иә, бүгінде көлік алған фактілер бар. Тек оларды сатып алу процесі Мемлекет басшысы тапсырма бергенге дейін өткізілген. Басқа фактілер бойынша тексеру жүргізіп жатырміз. Біз қазір арнайы мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары сатып алғанын көріп отырмыз. Бұл - арнайы патруль көлігі, арнайы санитарлық-эпидемиологиялық көлік, сондай-ақ төтенше жағдай қызметі алып жатқан көліктер", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингте.
Сондай-ақ, спикер мемлекеттік бюджеттен көлік алуға орташа есеппен қанша теңге жұмсалатынын айтты.
"Иә, біз талдау жасадық. Жеңіл көлік алу үшін орташа баға 4,6 миллион теңге жұмсалады. Бұл орташа В санатындағы көліктер. Биыл шектеулер болғандықтан, Мемлекет басшысы тыйым салғаннан кейін өткен жылға қарағанда көліктер үш есе аз алынған", - деді ол.
Ал былтыр мемлекеттік органдар 4,5 мың көлік сатып алған.
"2019 жылы мемлекеттік сатып алулар арқылы 4,5 мың көлік сатып алынды. Олардың ішінде жеңіл көлікке 15 миллиард теңгеге жуық ақша, қалғаны арнайы көліктер - коммуналдық қызметтегі тракторлар, бульдозерлер, тазартатын көліктер", - деді Сәбит Ахметов.
Айта кетейік, 2020 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также