11 октября 2021 | 10:39

197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды - ДСМ

Биыл 197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды. Бұл туралы Мәжілістің үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл 197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды. Бұл туралы Мәжілістің үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Цойдың сөзінше, 2020 жылы вакцина салдыру қарқыны төмен болғаны анықталған.

"Ол былтыр наурыз-мамыр айларында коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдайдың енгізілуімен байланысты болды. Биыл өңірлерде иммундауды қамту, сондай-ақ өткен жылы вакцинацияны өткізіп алған адамдарды вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вакцинадан бас тарту мәселесі әлі де өзекті болып тұр. 2013 жылдан бері вакцина салдыруға жарамды адамдардың ішінде 24 970-і вакцинадан бас тартты. Оның 58 пайызы жеке сенім бойынша, 23,2 пайызы діни сенім бойынша, 12,8 пайызы вакцинаға сенбейтіні үшін және 6 пайызы БАҚ-тағы негатив ақпарат үшін салдырмады. Биылғы бірінші жартыжылдықта 3417 адам вакцинациядан бас тартты. Біз өз тарапымыздан түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Нәтижесінбе биыл 197 адам вакцина туралы ойын өзгертіп, екпе салдырды", - деді министр.  

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 11 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 859 131 адам салдырса, екі компонентті 6 901 313 адам салдырды. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная