20 февраля 2020 | 10:14

"2 айдан кейінгі отставка". Қала әкімі қызметінде ең ұзақ және ең аз уақыт отырған шенеуніктер

Таяуда Tengrinews.kz порталында облыс әкімі қызметінде ең ұзақ және ең аз уақыт отырған шенеуніктер туралы материал жарияланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихында ең ұзақ уақыт қала әкімі болған кім? Қай әкім қала басшысы лауазымында 2 ай ғана қызмет атқарған? Портал тілшісі қала әкімі қызметінде ең көп және аз уақыт отырған әкімдерге шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Таяуда Tengrinews.kz порталында облыс әкімі қызметінде ең ұзақ және ең аз уақыт отырған шенеуніктер туралы материал жарияланған еді. Ал тәуелсіз Қазақстан тарихында ең ұзақ уақыт қала әкімі болған кім? Қай әкім қала басшысы лауазымында 2 ай ғана қызмет атқарған? Портал тілшісі қала әкімі қызметінде ең көп және аз уақыт отырған әкімдерге шолу жасады.

Ең ұзақ уақыт қала әкімі болған кім?

Реклама
Реклама

Қала әкімдері ішінде қызметінде ең ұзақ отырған - Серік Оспанов. Ол Ақтау әкімі қызметіне 1996 жылдың қаңтарында кіріскен. Оспанов содан 8 жыл, 9 ай бойы осы қызметті атқарды. Әкім лауазымынан 2004 жылы қазанда кеткен. Ақтау басшысы лауазымынан кеткен соң ол 12 жыл бойы Мәжіліс депутаты болған. Кейін екі жыл Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықты басқарған.


Серік Оспанов. Фото: Lada.kz 

Қазақстан тарихында 8 жыл бойы қала әкімі қызметінде болған тағы бір шенеунік - Петр Ходеев. Ол өткен ғасырдың соңында Петропавл әкімі болып тағайындалған. Желіде ол туралы мәлімет аз. Белгілісі - Петропавл әкімі қызметіне 1993 жылы тағайындалған. Ал лауазымынан 2001 жылы қыркүйекте СҚО әкімінің жарлығымен кеткен. Артынша СҚО мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және бақылау департаментінің басшысы қызметін атқарған.

Қала әкімі қызметінде ұзақ отырған шенеуніктердің бірі - заң бұзып, елден қашқан Виктор Храпунов. Ол 1997 жылы маусымда Алматы әкімі болып тағайындалған. Бұл қызметте 7 жыл, 6 ай уақыт отырды. Дәлірек айтқанда, 2004 жылы қыркүйекте әкім қызметін босатқан. Дәл сол күні ШҚО әкімі қызметіне тағайындалған. Храпунов еңбек жолында түрлі министрлікті басқарған. 2007 жылы түрлі заңбұзушылықтан соң Швейцарияға қашып кеткен болатын. 2018 жылы ол сырттай 17 жылға сотталған.

Алматы қаласына ұзақ уақыт басшы болған тағы бір әкім бар. Ахметжан Есімов оңтүстік астананы 7 жыл, 4 ай басқарған. Қызметке 2008 жылы сәуірде келген. Лауазымынан 2015 жылы тамызда кеткен. Сол күні "Астана ЭКСПО - 2017" ұлттық компаниясының басшысы болды. Екі жылдан соң "Самырұқ-Қазына" қорының төрағасы қызметіне тағайындалған.

Тізімге Петропавлдың тағы бір экс-әкімі енді. Владимир Никандров қала басшысы қызметіне жоғарыда аталған Петр Ходеевтен кейін тағайындалған. Бұл 2001 жылдың қыркүйегі еді. Әкім қызметінде 2008 жылдың қарашасына дейін болды. Жалпы алғанда, Петропавлды 7 жыл, 2 ай басқарды. Артынша басқа қызметке ауысуына байланысты әкім лауазымынан босатуды сұрап арыз жазған. Облыс әкімі арызды қанағаттандырды.

Ең аз уақыт қала әкімі болған кім?

Тәуелсіз Қазақстан тарихында ең аз уақыт әкім болған - Владимир Чирков. Шенеунік Қарағанды қаласының әкімі қызметінде 2 ай ғана жұмыс істеген. Ол бұл лауазымға 2006 жылы наурызда тағайындалған. Көп уақыт өтпей облыс әкімі Чирковты "нақты жоспарлары болмағаны" үшін сынаған еді. Владимир Чирков сол жылы мамырда қызметінен кетті. Ресми себебі - елордадағы үкіметтік қызметке оралу.


Владимир Чирков (сол жақта). Фото: nv.kz 

Чирков, осылайша, Қайрат Нұрпейісов пен Ерлан Досмағамбетовтің рекордын жаңартқан. Олар қала әкімі қызметінде 3 ай болған еді. 2003 жылы наурызда Қайрат Нұрпейісов Павлодар әкімі болып тағайындалған. Ал маусымда жаңа қызметке ауысты. Бұл жолы Павлодар облысының басшысы атанды. Қазір Қазақстанның Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарып жатыр.

Ал Ерлан Досмағамбетов өткен ғасырың соңында әкім болған. Ол 1997 жылы маусымда Теміртау әкімі болып тағайындалған. Қызметте 3 ай ғана болды. Қыркүйекте лауазымын босатқан. Кейін корпорация президенті болған. Көбіне Қарағанды облысында қызмет атқарды.

Мағзам Баяндаров да аз уақыт әкім болғандар қатарында. Ол Өскемен әкімі қызметіне 2005 жылы қаңтарда тағайындалған. Мамырда қызметінен кетті. Осылайша, Баяндаров Өскеменді 4 ай ғана басқарған. Сол уақыт ішінде тұрғындарға Баяндаровтың "Өскеменді миллионер қала қыламын" деген уәдесі есте қалған. 2005 жылы мамырда қызметін босатқан соң, ШҚО әкімінің бірінші орынбасары атанған.


Мағзам Баяндаров. Фото: np.kz 

Біз жасаған тізімдегі соңғы шенеунік - Жомарт Нұрғалиев. Ол Көкшетау әкімі қызметіне 2014 жылы маусымда тағайындалған. Оған дейін бірнеше ауданды басқарған. Сол жылы қазанда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған концертке қатысқан. Шара соңында жағдайы нашарлап, ауруханаға түскен. Бірақ көп ұзамай, миокард инфарктінен қайтыс болды. Жомарт Нұрғалиев Көкшетау әкімі қызметінде 4 ай жұмыс істеп үлгерді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная