ПОДЕЛИТЬСЯ
27 ноября 2023 | 11:54
20 мың доллар тұратын қандай құс?
Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылында өткен "Шығыс салбурыны - 2023" халықаралық бүркітшілер фестиваліне биыл бес елдің құсбегілері келіп қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Шығыс Қазақстан облысы Бозанбай ауылында өткен "Шығыс салбурыны - 2023" халықаралық бүркітшілер фестиваліне биыл бес елдің құсбегілері келіп қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан атымтайлардың бірі Мұхтар Тойбазаровтың сөзінше, биылғы бәсекеге 400-дей турист келді. Одан бөлек, өз көлігімен тағы 400 адам шараны тамашалауға жеткен.
Биыл байқау үшінші рет өтті. Қазақстанның әр аймағынан бөлек, Моңғолия, Қытай, Қырғызстан және Ресейден де келгендер бар. Оның ішінде тісқаққандары бар, бапкерімен бірлесе тәжірибе жинақтап келгендері бар.
Солардың бірі - Жетісу облысынан келген Иван Лавров. Сұңқарының салмағы әрі кеткенде 750 грамм тартады. Ал сатып алған құсы әсте арзан емес.
"Өзім Текелі қаласының тумасымын. Бұл екінші жарысым, айналысып жүргеніме бір жылға жуықтады. Бастапқыда қаршығамен қатыстым. Қызығушылық қайдан пайда болды деген сауал түсіп жатады. Гитарада шебер ойнайтын бір танысымның ағасы бар. Қаршыға ұстайды екен. Бірде үйлеріне барып, қанаттыны қалай бағатынын көрдім. Жай-жапсарын сұрап, арада бір ай өткенде құсбегілікті қолға алдым", - деді ол.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также