29 декабря 2020 | 12:44

2020 жылы істі болған шенеуніктер

Рахила Тлеуова Корреспондент

Әне-міне дегенше 2020 жылдың соңғы күндері таяп қалды. Біреу үшін табысты жыл болса, өзгенің басына қара бұлт үйірілген тышқан жылы болып есте қалды. Олай дейтініміз биыл бірқатар шенеунік істі болып, осы жыл олар үшін естен кетпестей "із қалдырды".  Tengrinews.kz тілшісі биыл істі болған "ірі" шенеуніктерді тізіп көрді. Арасында кінәсі дәлелденіп, сотталғаны да, әзірге тергеліп жатқаны да бар.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әне-міне дегенше 2020 жылдың соңғы күндері таяп қалды. Біреу үшін табысты жыл болса, өзгенің басына қара бұлт үйірілген тышқан жылы болып есте қалды. Олай дейтініміз биыл бірқатар шенеунік істі болып, осы жыл олар үшін естен кетпестей "із қалдырды".  Tengrinews.kz тілшісі биыл істі болған "ірі" шенеуніктерді тізіп көрді. Арасында кінәсі дәлелденіп, сотталғаны да, әзірге тергеліп жатқаны да бар.

Тақырыпқа тұздық ретінде: Биыл 23 қаңтарда Transparency International (TI) жаһандық антикоррупция қозғалысы 2019 жылғы жемқорлыққа төзімділік индексін жариялады. Рейтингке 180 мемлекет кірді. Оларға 0-ден 100-ге дейін ұпай қойылды. "0" деген - коррупция деңгейі жоғары, "100" - төмен. Сонда Қазақстан Филиппин, Замбия, Непал, Сальвадор және Свазилендпен қатар 34 ұпаймен 113-орын алды.

Реклама
Реклама

Қандай рейтинг жасалғанмен, елде жемқорлық азаймай отырғаны - факт. 

"Соңғы екі жыл ішінде елімізде 4,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлық қылмыс тіркелді. 2 мыңнан аса адамға қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың 1300-і сотталды", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов ОКҚ өткен брифингтің бірінде.

Енді осы жылдың тізіміне енген шенеуніктерге тоқталсақ.


Болат Бақауов

2020 жыл Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үшін "қайғылы" басталды. Қаңтарда ҰҚК Бақауовты лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен ұстады. 17 қаңтарда Павлодар облысындағы № 2 қылмыстық сот аймақтың экс-әкімі Болат Бақауовты екі айға қамау туралы санкция шығарды.

Ал 27 мамырда ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармағы ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан шектелді, сондай-ақ, ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.


Қайрат Көпбаев

4 ақпанда Қорғаныс министрлігінің генерал-майоры, Кадр және әскери білім департаментінің бастығы Қайрат Көпбаев 2 айға қамалғаны туралы ақпарат шықты. Ертесі ведомство өкілдері растады. Ал Антикор 20 желтоқсанда ҚМ генерал-майоры пара алғаны үшін сотталғанын хабарлады. Ол 2019 жылдың мамырында Ақтөбе қаласындағы "Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері әскери институтының" РММ-ға офицер қызметіне тағайындау үшін 200 мың теңге пара алғаны үшін 5 жылға сотталды

"Ақмола гарнизонының әскери сотының үкімімен Көпбаев бес жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді өмір бойы мемлекеттік қызметте ешқандай лауазым атқара алмайды", - делінген Актикор хабарламасында.

Сондай-ақ, сот Көпбаевты "генерал-майор" әскери атағы мен "Құрмет" орденінен айыру туралы Президентке ұсыным енгізетіні белгілі болды.

Айтпақшы, соңғы үш жылда жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 708 қазақстандыққа 99 миллион теңге сыйақы берілді. Мұндай деректерді көбіне елдің оңтүстігіндегі тұрғындары айтқан.

"Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары көш басында тұр. Қылмыстың ауырлығына қарай азаматтар 40-50 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін (2020 жылы 106-132 мың теңге) сыйақы беріледі", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әкімшілік-құқықтық департаментінің бас сарапшысы Ерік Бишибеков.


Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов. Фото:assembly.kz

27 наурызда Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ұсталғаны хабарланды. 30 наурызда ол үйқамаққа алынғаны туралы мәлімет облыстық тергеу сотының сайтында жарияланды. Ал 10 желтоқсанда Қуанышбек Ысқақовтың үкімі №2 Қызылорда қалалық сотында жария етілді.

Прокурор Қызылорда облысының бұрынғы әкімін сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Мемлекеттік айыптаушы Ысқақовты "аса ірі көлемдегі алаяқтық" үшін кінәлі деп тануды сұраған.

Сот Ысқақовты 7 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтеуі керек. Сонымен қатар экс-әкім мемлекеттік, ұлттық және квазимемлекеттік ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айырды. 

Жандарбек Жанұзақов. Хабар24 видеосынан кадр

Мамыр айының екінші жартысында Ақмола гарнизонының әскери соты ҚР Қарулы күштері әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Жандарбек Жанұзақовты алты жылға бас бостандығынан және "вице-адмирал" әскери атағынан айыруға үкім шығарды. Оған қоса, Жанұзақовқа 42,5 миллион теңге материалдық шығынды өндіру міндеттелген. Алайда кейін сот жазасын жеңілдетіп, Жанұзақов 4 жыл 4 айға бас бостандығынан шектеліп, шығын сомасы 29 миллион теңгеге қысқарды.

9 шілдеде Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы Баходир Норқұлов пара алды деген күдікке ілінді. Бір қызығы ол антикор келгенде амалсыз суға секірген.

"Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының әрекетін әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болды. Ол өзенге секіріп, ағып кете жаздады. Алайда, оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері ұстады", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері.

Ал 6 тамызда оған қатысты үкім шықты. Оған 15 миллион теңге айыппұл салынған. Сөйтсек, шенеунік Жамбыл ауылдық округі аумағында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жер учаскесін беру мәселесін оң шешкені үшін 400 мың теңге пара алыпты.

2020 жылдың бірінші тоқсанында қызметкерлері жемқорлықпен ұсталу көрсеткіші бойынша Ішкі істер министрлігі көш бастады. Жемқорлықпен ұсталған адамдардың басым бөлігі - 57 пайызы - Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері. Бұл органның 70 қызметкері жемқорлықпен ұсталды. Сондай-ақ, "көшбасшылардың" арасында Экология министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бар.

Руслан Мамунов

30 қыркүйекте Ақтөбе облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Мамуновқа қатысты Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша – алаяқтық, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті жария етті (жылыстатқаны) және пара беруге итермеледі деген айып тағылды. Сот экс-шенеунікті Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахмедбек Ахметжановтың туыстарынан 1,2 миллион долларды заңсыз алғаны үшін кінәлі деп таныды. Айыптау қорытындысына сәйкес Мамунов бұл ақшаны алып, 2016 жылы аса ірі мөлшерде ақша алғаны үшін сотталған Ахметжановқа қатысты үкімді жеңілдету туралы келісімге уәде еткен. Алайда Мамунов оған Нұр-Сұлтанда екі Lexus көлігі мен 2 бөлмелі пәтер алуға жұмсаған. Осылайша Руслан Мамунов кінәлі деп танылып, оған қауіпсіздігі орташа колонияда жазасын өтей отырып, 12 жылға бас бостандығынын айыру жазасы кесілді.

Айтпақшы, енді елімізде ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасап, сотталған шенеуніктер мерзімінен бұрын шартты түрде босатылмайды. Парламент сондай заң қабылдады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная