13 декабря 2022 12:30

2022 жылы ерсі әрекетімен көзге түскен шенеуніктер кім?

Бірі былапыт сөз айтты. Бірі қоластындағы қызметкерлермен жанжалдасты. Бұл тізімді жалғай берсек, көзге оғаш көрінетін ісімен жұрт есінде қалған, Желіде қызу талқыланған шенеунік қатары көп екенін көруге болады. Massaget.kz тілшісі бұл қатарда кімдер бар екеніне шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірі былапыт сөз айтты. Бірі қоластындағы қызметкерлермен жанжалдасты. Бұл тізімді жалғай берсек, көзге оғаш көрінетін ісімен жұрт есінде қалған, Желіде қызу талқыланған шенеунік қатары көп екенін көруге болады. Massaget.kz тілшісі бұл қатарда кімдер бар екеніне шолу жасады.

"1,5 сағат бойы былапыт сөз айтқан". Ол кім?

"Уральская неделя" мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоқжанов 1,5 сағат бойы өткен жиналыста қызметкерлеріне былапыт сөздер айтқан. 1 сағат 20 минуттық аудиода әкім "б...ь" сөзін 71 рет, "н...й" сөзін 73 рет айтқан. Ал оқиға биыл наурызда ауданды су басу қаупі болып тұрған кезде болған.

Реклама
Реклама

Жиналыста Тоқжанов аппарат қызметкерлері мен ауыл әкімдерін өңірді су басу қаупі бойынша есеп беруін талап еткен. Ол өңір әкімдерін аймақты су басу қаупі тұрғанда олар резеңке аяқкиіммен жүрудің орнына туфлимен жүргенін, техникаға қажет 10 литр дизель отынын таба алмай жүргенін және аппарат қызметкерлерін құжат тапсыру мерзіміне сай үлгермей жатқанын айтып сынаған. Зейнетке шығуына бірнеше күн қалған жағдайда да қызметкерлерді жұмыстан шығарып жіберетінін айтып сөккен.

Ал кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі өкілі бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

Ерсі әрекетімен көзге түскендер әлі бар. МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚИ АЛАСЫЗДАР.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://tengrinews.kz/userdata/news/2024/news_539441/thumb_m/photo_476736.png"
    "title" => "Новости за 25 июня: график работы, азартные игры, суд над Бишимбаевым"
    "url" => "https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/novosti-25-iyunya-grafik-rabotyi-azartnyie-igryi-sud-539441/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://tengrinews.kz/userdata/news/2024/news_539428/thumb_m/photo_476711.png"
    "title" => "В Казахстане обсуждают новый запрет для чиновников и правоохранителей"
    "url" => "https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstane-obsujdayut-novyiy-zapret-chinovnikov-539428/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://tengrinews.kz/userdata/news/2024/news_539126/thumb_m/photo_476389.jpeg"
    "title" => "Петиция по возврату времени: что обсуждали на первом заседании рабочей группы"
    "url" => "https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/petitsiya-vozvratu-vremeni-obsujdali-pervom-zasedanii-539126/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://tengrinews.kz/userdata/news/2024/news_538754/thumb_m/photo_475976.jpeg"
    "title" => "Интим-шантаж замакима Павлодарской области: что решил апелляционный суд"
    "url" => "https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/intim-shantaj-zamakima-pavlodarskoy-oblasti-reshil-538754/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://tengrinews.kz/userdata/news/2024/news_538691/thumb_m/photo_475909.jpeg"
    "title" => "Павла Дурова пригласили в Казахстан"
    "url" => "https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/pavla-durova-priglasili-v-kazahstan-538691/amp/"
  ]
]