ПОДЕЛИТЬСЯ
07 апреля 2020 | 10:21
2024 жылға қарай көкөніс импортын 100 пайыз алмастыруға болады - Мамин
Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бүгін Үкіметтің селекторлық отырысында суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин елдегі суармалы жерлердің мәселесі мен егін шаруашылығы жоспарын тыңдаған соң, ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобалары іске асырылса, 2024 жылға қарай елімізге көкөніс шет жұрттан кірмейтіндей жетістікке жететінімізді атап өтті.
"Ирригациялық инфрақұрылымды дамыту мен жаңғырту жобаларын іске асыру 2020-2021 жылдары қосымша 500 мыңдай га суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік береді. Оған 274 миллиард теңге көзделген. 88 мың жұмыс орны құрылады. Оған құрылыс және жөндеу кезіндегі 11 мың уақытша жұмыс орны және 77 мың тұрақты жұмыс орны кіреді. Суармалы жерлердің инфрақұрылымын ауқымды түрде кеңейту агроөнеркесіп кешенін дамытуға елеулі серпін береді. Бұл ел экономикасының құрылымында маңызды секторға айналуы тиіс. Қабылданатын шаралар 2024 жылға қарай көкөніс өнімдері бойынша импортты 100 пайыз алмастыруға мүмкіндік береді", - деді Үкімет басшысы.
Аталған межені орындау үшін премьер-министр ведомстволарға жұмысты ұйымдастыру мен бақылауды тапсырды.
"Осыған орай экология, ауыл шаруашылығы, әкімдіктер жобаларды іске асыруды бастасын, сондай-ақ қаражаттың тиімді игерілуіне тиісінше бақылау жүргізсін. Жұмыс орындарын сақтауға және жұмыс орындарын құруға ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ауыл шаруашылығы әкімдіктермен бірлесіп, пайдалануға берілетін суармалы жерлерді барынша игеру бойынша жұмыс жүргізсін. Өңірлер жер учаскелерін уақытында бөлу, фермерлік алқаптарға қажетті инфрақұрылымды жеткізу бойынша барлық шараны қабылдау қажет", - деп түйіндеді Асқар Мамин.
Айта кетейік, Үкімет отырысының басында ДСМ басшысы Елжан Біртанов еліміздегі COVID-19 індеті бойынша жағдайды баяндады. Ол 20 науқастың жағдайы ауыр және 7 адам тыныс алу аппаратында жатқанын атап өтті.
Қазір елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 670 адам тіркелді. Оның ішінде 46 адам сауығып шықты, 6 адам қайтыс болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также