ПОДЕЛИТЬСЯ
28 апреля 2020 | 17:15
"30 адамның 25-і жазылған". Қазақстанның қай аймағында коронавирус аз тарап жатыр?
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяды. Оның ішінде Алматыда 909, Нұр-Сұлтанда 599 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл - елімізде вирус ең көп тараған аймақтар. Ал қай өңірде вирус жұқтырғандар саны аз? Tengrinews.kz тілшісі салыстырып көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 3 мыңға таяды. Оның ішінде Алматыда 909, Нұр-Сұлтанда 599 адамнан COVID-19 анықталған. Бұл - елімізде вирус ең көп тараған аймақтар. Ал қай өңірде вирус жұқтырғандар саны аз? Tengrinews.kz тілшісі салыстырып көрді.
ШҚО - вирус ең аз тараған аймақ
Қазақстанда коронавирус ең аз тараған өңір - Шығыс Қазақстан облысы. 28 наурызда бұл аймақта алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Сол кезде екі адамнан COVID-19 анықталған еді.
Аймақта вирус тарай бастаған соң 18 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында карантин жарияланды. ШҚО-да елдегі төтенше жағдай режимі аяқталғанша, аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынған.
Сәуірден бастап ШҚО-да вирус жұқтырғандар саны арта түсті. Бірақ оның өзі еліміздегі ең аз көрсеткіш саналады. Өңірде коронавирус жұқтыру дерегі соңғы рет 24 сәуірде тіркелді. Бүгінде ШҚО-да 16 адамнан коронавирус табылған.
Сол 16 адамның ішінде алтауы вирустан жазылған, бір адам қайтыс болған.
© Reuters
СҚО-да 30 адамнан вирус табылды
Ал елімізде вирус аз тараған аймақтар бойынша екінші орында - Солтүстік Қазақстан облысы. Бұл аймақта COVID-19 алғаш рет 24 наурызда анықталған. Сол кезде Ресейдан келген, 1993 жылы туған әйелден вирус табылған болатын.
Сәуірдің басында өңірде вирус жұқтырғандар саны күрт көбейді. 2 сәуірде алты, келесі екі күнде 14 адамнан коронавирус анықталған. Яғни, 4 сәуірде СҚО-да барлығы 25 адам вирус жұқтырған.
Артынша аймақта вирус әлсірей бастады. Бүгінге дейін тағы бес адам қосылды. Жалпы алғанда СҚО-да 30 адамнан коронавирус табылды. Соңғы рет бұл өңірде коронавирус 19 сәуірде анықталды.
СҚО-да вирус жұқтырғандар мен жазылғандар ара-қатынасы жоғары. Бүгінде COVID-19 табылған 30 адамның 25-і жазылған. Өңірде вирустан көз жұмғандар жоқ.
Маңғыстау облысында 31 адамнан COVID-19 анықталған
Маңғыстау облысында да коронавирус баяу тарап жатыр. Наурызда бұл аймақта бір ғана адамнан вирус табылған. Екінші вирус жұқтыру дерегі 2 сәуірде тіркелді. Содан кейін вирус жұқтырғандар саны сәл арта бастады.
Аймақта орта есеппен күніне бір-екі адамнан вирус талып отыр. Бір тәулікте ең көп вирус жұқтыру дерегі 25 сәуірде болды. Сол күні Маңғыстау облысында алты адамнан COVID-19 табылған.
© Reuters
Бүгін материал дайындалып жатқанда бір адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Осылайша, қазіргі уақытта Маңғыстау облысында барлығы 31 адамнан коронавирус анықталған.
Өңірде COVID-19 бар 31 адамның бесеуі айыққан. Бір адам қайтыс болған.
Қостанайда 43 адам коронавирус жұқтырған
Елімізде коронавирус ең соңғы табылған өңір Қостанай облысы болатын. 31 наурызда Қостанай облысына кіруге тыйым салынған. Бұл өңірде алғаш рет вирус жұқтыру дерегі 3 сәуірде тіркелген. Салыстыру үшін айта кетсек, ол кезде Нұр-Сұлтанда 202 адамнан вирус анықталған еді.
Қостанайда вирус 18 сәуірге дейін баяу тараған. Сол күні өңірде алты адамнан COVID-19 табылды. Екі күннен соң тағы алты адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. 22 сәуірде Қостанайда сегіз адамнан коронавирус анықталды. Бұл өңірдің бір тәуліктегі ең жоғары көрсеткіші саналады.
Аймақта COVID-19 жұқтырудың жаңа дерегі соңғы рет 25 сәуірде тіркелген болатын. Содан бері Қостанай облысында вирус жұқтырғандар саны 43-ке жетті.
Сол 43 адамның әзірше үшеуі вирустан толық айықты және біреуі қайтыс болды.
Ақтөбеде 61 адамнан вирус анықталған
Ақтөбе облысында коронавирус 22 наурызда анықталған. Келесі вирус жұқтыру дерегі сегіз күннен соң тіркелген болатын. Осыған байланысты Ақтөбе облысында 31 наурызда бірқатар шектеу енгізілген, ал 6 сәуірде аймақта карантин жарияланды.
Жалпы, өңірде вирус баяу тарап жатыр. Тек екі күнде ғана коронавирус жұқтырғандар әдеттегіден көп анықталды. 17 сәуірде Ақтөбе облысында тоғыз адамнан COVID-19 табылған. Ал 23 сәуірде тағы 28 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Қалған күндері көп дегенде бір-екі адамнан ғана анықталып отыр.
Бүгін тағы төрт ақтөбеліктің вирус жұқтырғаны хабарланды. Осылайша, өңірде барлығы 61 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде он адам құлан таза жазылған, өңірде вирустан қайтыс болғандар жоқ.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также