ПОДЕЛИТЬСЯ
21 октября 2020 | 18:32
30 мың науқас ауруханаға жатқызылуы мүмкін. ДСМ 3 болжамын айтты
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде 30 мың науқас коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде 30 мың науқас коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, Қазақстанда коронавирустың 3 түрлі сценарийі бар.
"Оптимистік сценарийге тоқталайын. Ол бойынша ешқандай қатаң карантин болмайды, 3 айдың ішінде 10 мыңдай адам ауруханаға түсіп, 30 мыңдай адам ауруы мүмкін. Енді реалистік сценарийге тоқталайын. Онда 30 мыңдай адам ауруханаға түседі деген болжам бар. Оған дайынбыз. Барлық медициналық ұйым аурудың алдын алу, науқасты уақытында емдеу бойынша дайындық жұмысын жүргізіп жатыр", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Енді медицина қызметкері COVID-19 жұқтырса өтемақы алмайды
Ажар Ғиният оқшалану талабын сақтамай, той дерегі тіркеліп жатқан өңірлер барын атап өтті.
"Сонымен қатар, өңірде инфекция ошағы тіркелсе, онда біздің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ол жерді жауып, науқастармен байланыста болған адамдарды тексеріп, ауруханаға жатқызады. Осылайша, ауру елге тарап кетпесін деп тиісті жедел шараларды жүргізіп жатырмыз. Сондықтан шекарадағы талап күшейіп жатыр. Егер еліміздің әрбір азаматы өзінің жауапкершілігін түсініп, барлық карантин талабы сақтаса, онда ешқандай карантин болмайды", - деп түйіндеді сөзін ол.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр - ДСМ
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также