07 июля 2020 | 11:39

"40 минуттай сөйлестік". Алексей Цой шымкенттік Айна Бакеевамен қандай келісімге келгенін айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Шымкенттік реабилитолог Айна Бакеева

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке видеоүндеу жолдаған шымкенттік дәрігермен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Президентке видеоүндеу жолдаған шымкенттік дәрігермен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Доктор Айнаның емдеу әдісінің қиындығы туралы мәлімдемесіне байланысты көп сұрақ болды. Бүгін біз онымен байланыстық. 40 минуттай сөйлестік. Мен негізгі мәселені түсіндім. Медициналық қызметкерлердің арасында әлеуметтік желілерде түрлі емдеу курстарын жариялайтынын және соған уайымдайтынын айтты. Біздің науқастар осыны желілерде оқып өздігінен емделе бастайды, препараттарды ішеді. Кейде бұл препараттардың салдарынан жағдайы нашарлайды. Оған азаматтар осы сұрақтың жауабын білу үшін хабарласады. Біз онымен сөйлестік", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Реклама
Реклама

Алексей Цой министрлік емдеу бойынша мамандар бекіткен, ресми ұсыным дайындағанын атап өтті. Олар ДСМ сайттарында және әлеуметтік желілерге жүктеледі. 

"Оның ішінде, ол да емдеу хаттамасын өзінің ресурстары арқылы көмектесуге уәде етті. Бізге басқа да көмектескісі келетін әріптестеріміз көмектескісі келеді. Маған Facebook-те блогерлер де, азаматтық қоғам да өздерінің алаңдарындағы жарнамалық мониторларға роликтерді тегін жариялауға дайын екенін жазып жатыр. Яғни қазір бизнес нарығының әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде", - деді ол ОКҚ онлайн-брифингінде.

Айта кетейік, реабилитолог Айна Бакеева президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа видеоүндеу жолдаған болатын. Ол коронавирус жұқтырып ауырып қалғандарды емдеу хаттамасын қайта қарауды өтінген. Қазақстандықтар роликті желілер арқылы таратты. 

Соңғы мәліметтер бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 49 683-ке жетті. 16 183 науқас аурудан айықты, 264 адам қайтыс болды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная