13 апреля 2020 | 11:16

42 500 теңге алуға 5 миллионға жуық адам өтініш берген

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін осы уақытқа дейін 5 миллионға жуық адамнан өтініш түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін осы уақытқа дейін 5 миллионға жуық адамнан өтініш түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ОКҚ онлайн-брифингінде айтты.

Реклама
Реклама

"Бүгінгі күнде елімізде 3 миллион 703 мың адам өтініш берді. Өтініш саны - 4 миллион 900 мың. Оның ішінде бүгінге 1 миллион 779 мың адамға әлеуметтік төлемдер тағайындалды және есепшоттарына 75 миллиард 600 миллион теңге аударылды", - деді еңбек министрі.

42 500 теңге - елімізде төтенше жағдай кезіне тағайындалған төлемақы. 

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде коронавирустың таралмауы үшін төтенше жағдай жариялаған болатын. Сондай-ақ бірнеше өңірде карантин енгізілді. Кей тұрғын уақытша жұмыссыз қалды. Осы тұлғаларға және бұған дейін еш жерге жұмысшы болып ресми тіркелмеген тұлғалар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге төлемақы алып жатыр.

Бұл төлемақыны кім ала алмайтынын еңбек министрі Біржан Нұрымбетов бұған дейін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная