ПОДЕЛИТЬСЯ
06 апреля 2020 | 11:26
42 500 теңге тағайындау бойынша екі платформа тұрақты жұмыс істеп жатыр - министр
Қазір елімізде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алуға өтініш беруге болатын egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазір елімізде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңгені алуға өтініш беруге болатын egov.kz және 42500.enbek.kz сайттары тұрақты жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Министр бұл порталдарға тек жұмыс беруші емес, жеке тұлғалар да ЭЦҚ (ЭЦП) арқылы өтініш білдіре алатынын атап өтті.
"Өтініштерді беру жөнінде екі портал тұрақты жұмыс істеп жатыр. Egov.kz электрон порталы және 42500.enbek.kz жұмыс істеп жатыр. Оның дәлелі соңғы үш күнде бүгінгі таңға дейін 1 миллион 284 мың өтініш келіп түсті. ЭЦҚ қолдану қажеті жоқ. Оны SMS құпиясөзі арқылы растауыңызға болады. Enbek.kz порталында сұрақтар болған. "Ол жерге тек қана жұмыс берушілер тіркеле алады екен, самозанятый жеке тұлғалар жоқ екен" деп. Қазір тәртіп енгізілді. Енді жеке адамдар да біздің портал арқылы - 42500.enbek.kz береді ", - деп түсіндірді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сондай-ақ министр бүгін Telegram-бот іске қосылғанын да айтты.
"Telegram-бот бүгін іске қосылды. Ол дайын. Бірақ оны кішкен кешіккеніміз. Өкінішке қарай, бір «ақылды кісілер", алаяқ кісілер, көптеген фейк, жалған Telegram-боттарды жариялап, кішкене халықты жаңылыстырды", - деп қосты Біржан Нұрымбетов.
Айта кетейік, елімізде коронавирус індетінің жаппай таралмауы үшін 16 наурыздан бастап 15 сәуір аралығында төтенше жағдай жарияланды. Осыған орай мемлекеттік комиссия жұмыстан шығып қалған не бұған дейін жұмыс істемеген тұлғалар үшін Үкімет тарапынан 42 500 теңге жәрдемақы беру туралы шешім шығарған болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также