ПОДЕЛИТЬСЯ
29 апреля 2020 | 16:44
42 500 теңгені қанша адам қайтарып бергені белгілі болды
Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева Қазақстан бойынша 163 мыңнан астам тұрғын 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақыны қайтарғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылған азаматтарға тағайындалған 42 500 теңге көлеміндегі қаржылай көмекті 416 мыңнан астам адам алыпты.
"Осы уақытқа дейін 17,5 миллард теңге көлеміндегі қаржылай көмек 416 445 адамға берілді. Бірінші айда бұл көмекті 379 543 адам алды. Екінші айда 45 385 адам өтініш берді. Ал республика бойынша 163 мың 75 адам алған ақшасын қайтарды", - деді ол "Алматы" телеарнасында өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ Рахат Шимашева 15 мыңнан астам алматылық 42500 теңгені қайтарғанын атап өтті.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также