30 сентября 2020 | 09:53

600 той мен ас беру. Тұрғымбаев карантин ережесін өрескел бұзу жағдайлары көбейгенін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: k1news.ru

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде карантин ережесін өрескел бұзу дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елімізде карантин ережесін өрескел бұзу дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, карантин талабын бұзудың 28 мыңнан аса дерегі тіркелген.

Реклама
Реклама

"Оның ішінде 4 600 дерек дүкендер мен базарларда, 1 700 дерек мейрамханалармен және тағы басқа нысандарда тіркелді. Карантин талабын бұзудың басым бөлігі Қостанай облысы (5 мыңнан аса дерек), Батыс Қазақстан облысы (2,5 мыңнан аса дерек), Түркістан облысы (3,5 мыңнан аса дерек), Шығыс Қазақстан облысы (2 мыңнан аса дерек), Алматы қаласында (3 800 аса дерек) байқалды. Анықталған факт бойынша денсаулық сақтау органы тарапынан санитариялық талапты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылады", - дейді министр Үкімет отырысында.

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев ішкі істер министрлігі төтенше жағдай кезінде карантин талабын бұзғандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476, 478-баптары бойынша жауапқа тартылғанын атап өтті. Ол төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін заң бұзғандарды жазаға денсаулық сақтау министрлігі тартатынын айтты.

"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бақылау кезінде карантин талабын өрескел бұзудың 15 мыннан аса дерегін анықтады. Бұл той жасау, қоштасу рәсімін өткізудің 600 дерегі, демалыс аймағының жұмыс істеуінің 1 мыңнан аса дерегі, оның ішінде су қоймалары маңында шомылу дерегі де бар", - деді Тұрғымбаев.

Сондай-ақ, министр 26-27 қыркүйекте елімізде 41 той өткізудің дерегі тіркелгенін жеткізді.

"Мысалы, Қызылорда облысындағы "Орда" мейрамханасында 100-ден аса адамның қатысуымен той өткізу дерегі тіркелді. Бұл өңірде карантин талабын күшейтілгеннен бері осындай 225 дерек анықталды. 25-26 қыркүйекте елордада жұмыс істеген 4 түнгі клуб анықталды. Тексеріс барысында түнгі клубтың бірінде 60 адам болды. Олардың бәрі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыған ұқсас жұмыс Алматыда жүргізілді, 5 түнгі клуб жабылды. Шараны ұйымдастырғандар жауапқа тартылды", - дейді ол.

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев маска тақпаудың 11 800 дерегі анықталғанын, бұл дерек бойынша әкімшілік іс қозғалатынын жеткізді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная