20 ноября 2020 | 11:54

8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы полиция есебінде тұр - ІІМ

Рахила Тлеуова Корреспондент
Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қазір елімізде полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазір елімізде полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Әсет Оспанов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір полиция есебінде 12 мың баланы тәрбиелеп отырған 8 мыңға жуық тұрмысы нашар отбасы тұр. Жыл басынан бері 4,5 мыңнан аса ата-ана балалар тәрбиесіне қатысты міндетін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Балаларға аяусыздық танытқан 27 дерек бойынша сотқа дейін тергеу басталды", - деді Оспанов Білім және ғылым министрлігінің дүниежүзілік балалар күніне орай ұйымдастырған брифингінде.

Реклама
Реклама

ІІМ өкілі Қазақстанда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс азайғанын айтты.

"Мемлекеттік органдар балалар құқығын қорғау саласында бірқатар маңызды шара қабылдады, айтарлықтай оң нәтижелер бар. Соңғы 5 жылда кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс 44 пайыз, биыл 11 пайыз азайды. Әрбір қылмысқа қатысты оның неліктен жасалғанын анықтау үшін тексеріс жүргізіледі. Көп жағдайда мұндай қылмыстарға - отбасылық мәселелер, ата-аналардың өмір сүрудегі әлеуметтік образы, алкоголизм, наркомания, жұмыссыздық, отбасының тұрмыстық жағдайының тұрақсыздығы, сондай-ақ жасөспірімдердің бос уақытын дұрыс реттемеуі себеп болады. Полиция осылардың бәрін ескеріп, тұрмысы нашар отбасылардың болмауы үшін алдын алу шараларын атқарады", - деді ол.

Сондай-ақ спикер соңғы жылдары балалардың құқығын қорғауды қамтамасыз етуде үлесін қосқан бірқатар заң нормасы қабылданғанын атап өтті. 

Еске салайық, бүгін БҒМ Дүниежүзілік балалар күніне орай "Балалық шақты қорғау жүйесінің тиімділігі және баланың әл-ауқаты: мемлекет пен азаматтық қоғамның бірігуі" тақырыбында онлайн-брифинг ұйымдастырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная