18 ноября 2019 | 11:53

АӘК-пен кредит жабуға тыйым салынған - ТҮҚЖБ

Көрнекі сурет ©Тұрар Қазанғапов

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мемлекет беріп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті кредит жабуға жұмсауға болмайтынын айтты. Бұл туралы ол "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мемлекет беріп жатқан атаулы әлеуметтік көмекті кредит жабуға жұмсауға болмайтынын айтты. Бұл туралы ол "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткен брифингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ибрагимова соңғы уақытта қазақстандықтардың ипотека қарыздарын балаға бөлінген ақшамен жауып жатқанын айтады.

Реклама
Реклама

"Бүгінде кез келген ипотекалық бағдарламаның мақсаты - баспананы қолжетімді қылу. Бірақ қазақстандық отбасылар балаларға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмекті, яғни атаулы әлеуметтік көмекті кредиттерін жабу үшін жұмсап жатыр. Көмекті олай жұмсауға тыйым салынған. АӘК бірінші кезекте баланың жуынып, киініп, тамақтанып, өзге балалар сияқты мектепте баруы үшін беріледі. Балаға қамқорлық көрсету ретінде беріледі. Сондықтан да "Бақытты отбасы" бағдарламасы болсын, АӘК-ті кредитке жұмсауға тыйым салынған", - деді ТҮҚЖБ басқарма төрайымы.

Мамин жалдамалы пәтер көп және аз берілген өңірлерді атады

Сондай-ақ, Ләззат Ибрагимова елімізде баспана қолжетімді болуы үшін тағы жүзеге асырылайын деп жатқан "5-20-25" бағдарламасына қатысты пікір білдірді.

"Біздің мақсат - қазақстандықтардың баспанаға қолжетімділігін арттыру. Қазіргі уақытта қазақстандықтардың орташа табысы мен ай сайынғы төлемдеріне сараптама жасап, зерттеп жатырмыз. Енді жаңа бағдарлама аясында шарттарды жетілдіріп, ұтымды нұсқа жасауға тырысамыз", - деді ол.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная