ПОДЕЛИТЬСЯ
16 июля 2019 | 13:56
Абай өлеңдері: Премьер-министрдің орынбасары эстафетаны қабылдады
Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдап, ұлы ақынның туындысын оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдап, ұлы ақынның туындысын оқып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановадан ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай басталған челленджді құрметпен қабыл алдым. Ұлы Абайдың шығармалары ішінде шоқтығы биік туындылары - оның "Қара сөздері. 19-қара сөзіне тоқталсам", - деген Әбдіқалықова Абайдың туындысын оқып берді.
Премьер-министрдің орынбасары челленджді жалғастыруға Қазақстанның екбек ері, халық жазушысы Олжас Сүлейменовті, "Зерен-2019" жазғы лагерінің жаңашыл белсенді жастарын шақырды.
Айта кетейік, Абайдың өлеңдерін оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Кейін эстафетаны қабыл алған үшеуі де Абайдың туындысын оқып, челленджді әрі қарай жалғастырған.
Бүгінге дейін эстафетаны қабыл алған еліміздің шоу-бизнес жұлдыздары мен шенеуніктері ұлы ақынның туындыларынан үзінді оқыды. Ресейлік композитор Игорь Крутой да Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабылдап, Абайдың бір өлеңін оқыған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также