16 декабря 2020 08:50

Абайдың 175 жылдығына орай оқушылар арасында айтыс өтті

Сурет ашық дереккөзден

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқушылар арасында айтыс пен шығармашылық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай оқушылар арасында айтыс пен шығармашылық байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оқушылар эссе жазып, мүшәйрада бақ сынасты

Реклама
Реклама

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласындағы ұлттық бірегейлікті сақтау идеясын жүзеге асыру шеңберінде және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатында 10-12 желтоқсанда "Абай әлемі" атты шығармашылық байқау өтті.

"Бұл байқаудың негізгі мақсаты: Абайдың ақындық болмысына терең үңілуге, оның шығармашылық өмірінен ғибрат алып, өмірде қолдана алуға бағыттау; зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету", - дейді ұйымдастырушылар.

Жалпы білім беру ұйымдарының 8-11-сынып оқушылары арасында онлайн форматта ұйымдастырылған бұл байқау екі бағытта өткізілген: бірінші бағыт - "Жүрегімнің түбіне терең бойла..." тақырыбында эссе жазу, екінші бағыт -  "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін..." атты ақындар мүшәйрасы. 

Байқауға республиканың әр түкпірінен жалпы саны 230 оқушы қатысып, бақ сынады. Қатысушылардың 45 пайызы І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталса, сайысқа түскен өзге оқушыларға ынталандыру мақсатында Алғыс хаттар табысталған. Сонымен қатар, ерекше дарынымен көзге түскен 8-сынып оқушылары: Алматы қаласынан Тұқан Елдар мен Нұр-Сұлтан қаласынан Айдарова Альбина Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатында білім жалғастыруға жолдама алды.

Оқушылар айтысқа түсті

Сонымен қатар, Хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатта "Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес" атты ІV республикалық оқушылар айтысы өтті.

"Айтысты жас ұрпақ санасында жаңғырта отырып, ұлы Абайдың мұрасын дәріптеуге бағытталған бұл айтысқа мектеп-интернат түлегі, Қамқоршылық кеңес мүшесі, TAS GROUP компаниялар тобының негізін қалаушысы және құрылтайшысы Дулат Тұрсынұлы Тастекеев демеушілік жасап, жеңімпаз оқушыларға қомақты жүлделер тігілді", - дейді ұйымдастырушылар.

Айтысқа республиканың әр түкпірінен 28 оқушы қатысып, 14 жұп сайысқа түсті. Дәстүрге айналған бұл дүбірлі доданың биылғы жеңімпазы Қызылорда облысынан қатысқан Әмірхан Елдар деп танылып, 70 000 теңге сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар, жүлделі 1-орынға Абай атындағы Республикалық мектеп-интернатының оқушысы Абитилда Нұрислам ие болып, 50 мың теңге сыйақымен марапатталса, 2-орын мен 40 мың теңге сыйақыны Абай атындағы республикалық мектеп-интернатының оқушысы Нұртай Әбілқайыр мен Алматы облысынан қатысқан Асылбекқызы Айым иеленді.

3-орын мен 30 мың теңге сыйақыға Ақмола облысынан қатысушы Серік Нұрбек, Шымкент қаласынан Төленбек Нұртілеу, Павлодар облысынан Қайдар Бексұлтан ие болды.

Ал Шымкент қаласынан қатысқан Қасымбек Шұғыла мен Қостанай облысынан қатысушы Тоққожаев Жамбыл арнайы жүлде - 20 мың теңге сыйақымен марапатталды.

Айтыс барысында жас та болса ерекше дарынымен көзге түскен Ақмола облысынан қатысушы 9-сынып оқушысы Серік Нұрбекті Абай атындағы мектеп-интернат директоры Сексенова Роза Ербозымқызы Абай мектебіне қабылдайтынын айтып, оқуға шақырды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram