03 ноября 2020 | 13:09

"Адам көп болатын орындарға бармаңыздар". Дәрігер алматылықтарға кеңес берді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: Tengrinews.kz

Алматы қаласы №8 емханасының бас дәрігері Фарида Агибаева коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарға карантин талабын қатаң сақтап, адам көп болатын орындарға бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы №8 емханасының бас дәрігері Фарида Агибаева коронавирус пандемиясы кезінде тұрғындарға карантин талабын қатаң сақтап, адам көп болатын орындарға бармауға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылғы наурыз айынан бастап ауруханада коронавируспен күресу бойынша жауапты лауазымды адамдардан тұратын штаб әрекет етіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Емханада балалар мен жүкті әйелдерге арналған жеке фильтр кабинеттері ұйымдастырылды. Пациенттерді сұрыптау үшін дәліздер орнатылды. Емханаға кіреберісте барлық пациенттің дене қызуын өлшейтін контактісіз өлшеуіш қондырғысы орнатылды", - дейді Агибаева.

Бас дәрігер ауруханада COVID-19 вирусының клиникалық белгілері бар науқастарды анықтау мақсатында қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Емхананың бірінші қабатында "Фильтр" және оқшаулағыштар ұйымдастырылды. Онда COVID-19 вирусының клиникалық белгілері бар науқастарды анықтау мақсатында  контактісіз термометрия және сауалнама жүргізіледі. Симптомдар анықталған жағдайда, науқас уақытша оқшаулау изоляторына орналастырылады. Дәрігер қарағаннан кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады", - дейді маман.

Фарида Агибаева дене қызуы жоғары балалар емханаға кіргізілмейтінін атап өтті.

"Емханада балаларды қабылдау алдын ала жазылу арқылы жүргізіледі. Фильтр, мобильдік бригадалар шұғыл көмек көрсетуге арналған жиынтықтармен қоса, нормативтік талаптарға сәйкес жарақтанған", - дейді ол.

Маман емханада есепте тұрған созылмалы ауруы бар науқастар мен жүкті әйелдер қырағы бақылауда болатынын атап өтті.

"Жіті респираторлық ауру белгілері бар және COVID-19 вирусын жұқтырды деген күдіккі ілінген немесе науқас балалар мен үйдегі науқастарға амбулаториялық бақылау таңғы 08.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі. Ал 20.00-ден кейін науқасты бақылауды медициналық жедел жәрдем қызметі жүргізеді", - дейді ол.

Сонымен қатар, Агибаева емхана қызметкерлерінің ауру жұқтыруын болдырмау үшін медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігі сақталатынын, әрі жеке қорғаныс құралдарын пайдалану бойынша нұсқаулық жүргізілетінін атап өтті.

№8 емханасының бас дәрігері алматылықтарға сақ болуға кеңес берді.

"Өкінішке қарай, коронавирус жұқтырғандар саны өсіп жатыр. Осы жылдың қазанында ауру жұқтыру дерегі 1,5 есе пайызға өсті. Осыған байланысты егер дене қызуыңыз көтерілсе, үйде отыруға, әрі учаскелік дәрігерді немесе жедел жәрдем қызметін шақыруға кеңес береміз. Сонымен қатар, тұрғындарға адамдармен қарым-қатынас жасамауы керек. Яғни қол алысып, құшақтасып амандасудың керегі жоқ. Қолыңызды жиі жуып жүріңіз. Бөлмені жиі желдетіңіз. Түшкіргенде мұрныңызды майлықпен жабыңыз, ал далада жүрсеңіз, бір рет пайдаланылатын майлықты алып жүріңіз", - дейді дәрігер.

Маман үйден шығардың алдында маска тағуды ұмытпау керегін атап өтті.

"Үйге оралған кезде маскаңызды байқап шешіп, оны қоқысқа тастаңыз. Бірден қолыңызды жақсылап жуыңыз. Қала тұрғындарына арақашықтықты сақтауға кеңес берер едім. Адамдар жиі шоғырланатын орындарға бармаңыздар. Ол - сауда орындары, базарлар. Сауда орнында, азық-түлік дүкеніне, дәріханада көп адам болса, оған кірмеңіздер", - дейді Фарида Агибаева.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная