ПОДЕЛИТЬСЯ
23 июля 2019 | 19:36
Ақбөкенді қорғаған қорықшы, күдікті судья және қауіпсіздік сертификаты
23 шілдеде ақбөкенді атқан браконьерлермен күрес кезінде инспектор оққа ұшты. Сондай-ақ кеше Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайы анықталып, қатысушылар кешірім сұрады. Тengrinews.kz тілшісі бүгінгінің басты жаңалықтарына шолу жасады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
23 шілдеде ақбөкенді атқан браконьерлермен күрес кезінде инспектор оққа ұшты. Сондай-ақ кеше Алматыда баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайы анықталып, қатысушылар кешірім сұрады. Тengrinews.kz тілшісі бүгінгінің басты жаңалықтарына шолу жасады.
Ақбөкен қорғаған инспектор браконьерлердің қолынан қаза таптыБүгін 11:00-де Ақмола бекініс пунктінің "Охотзоопром ӨБ" РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторлары табиғат қорғау заңнамасын бұзғандарды анықтау мен бұлтартпау шараларын өткізу барысында Ақмола облысы Жарқайың ауданының аймағында ақбөкен атқандарды анықтаған.
Нәтижесінде "Нива" автокөлігімен қашқан браконьерлер артынан қуған екі инспекторға оқ жаудырған. Салдарынан екеуі де ауыр жараланған. Бір инспектор ауруханаға жатқызылды, ал екінші қорықшы жолда қаза тапты. Оның кеуде тұсына оқ тиген.
Бұл "Охотзоопром" инспекторы - 43 жастағы Қаныш Нұртазинов болған еді. Артында жұбайы мен төрт баласы - үш қызы мен 2011 жылы туған ұлы қалды.
Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұртазиновтің отбасына көңіл айтты.
Алматыда төбелескен: Әйелдерге қол көтерген ер адам кешірім сұрадыБраконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін.
— Qasym-Jomart Toqayev (@TokayevKZ) July 23, 2019
Әлеуметтік желілерде Алматыдағы баспасөз мәслихатында болған төбелеске қатысқан ер адамның жағдайды баяндаған видеосы жарияланды. Видеода баспасөз мәслихатына қатысқандардың бірі Мұрат Пірмағамбетов әйелдердің алдында кешірім сұрады.
"Өзіме сырттан қарадым. Бұлай болмауы керек, мен әйелге қол көтердім. Сол ісім үшін өкінемін. Менің әрекетімнен, ұстамсыздығымнан зардап шеккен әйелдерден кешірім сұраймын. Бәріңізден кешірім сұраймын", - деді ол.
Бұған дейін желіде Мұрат Пірмағамбетовтің дәлізде әйелдерді ұрған сәтінің видеосы таралған болатын.
Басқа бір видеода әйелдер баспасөз мәслихатына ҚДТ чатындағы хабарламаны көріп келгендерін айтады. Олар төбелестің неден шыққанын айтып берді.
"Бәрі жаман аяқталды. Бірақ біз араңдатпадық. Егер зиян келтірсек, журналистер алдында кешірім сұрағымыз келеді. Біз өзіміз бастамадық, бізді итермеледі", - деді олар.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде болған төбелестің мән-жайын айтты.
"Кеше Алматыда брифинг не жиналыс кезінде екі тарап бір-бірімен жанжалдасып қалған, сондықтан оқиға жан-жаққа тарап кетті. Қазіргі уақытта екі тарап дене жарақаттарын келтіру және бұзақылық бойынша бір-бірінің үстінен арыз жазған. Екі тарап та полиция мен медициналық мекемелерге жүгінген. Бүгінде екі арыз тіркелді, бәрін тексереміз", - деп Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрағына жауап берді.
Қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет?Соңғы күндері қазақстандықтарды қауіпсіздік сертификатын не үшін қондыру керек деген сұрақ мазалаған. Бұған цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев жауап беріп, қазақстандықтардың смартфондары мен ноутбуктарына қауіпсіздік сертификатын қондыру мәселесі жайлы ойын бөлісті.
"Балаларға Интернетте экстремистік, террористік сипаттағы материалдарды, порнографияны көрген дұрыс деп ойлайсыздар ма? Қауіпсіздік сертификаты осы мәселені шешуге көмектеседі. Мұның бәрі ерікті түрде жасалады. Балаларыңды, жақындарыңды ойласаң, олардың ақпаратын ешкім көрмесін десең, сертификатты қондыр, қаламасаң - қондырмай-ақ қой", - дейді министр.
Сондай-ақ Асқар Жұмағалиев қауіпсіздік сертификатының түрлі сайттардан, вирустардан қорғайтынын басып айтты.
Пара алды деген күдікке ілінген судья бостандықта жүрАлматы қалалық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пара алды деген күдікпен ұсталған судьяның жағдайы туралы айтып берді.
"Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Әбілхайыр жоғары судья атағына нұқсан келтіретін теріс қылық жасады. Ол ұсталды және тиісті органдармен жеткізілді. Сол кезеңде ол еңбек демалысында болған. Бүгінгі күні оған қатысты санкция қолданылған жоқ, ол бостандықта, бірақ тергеу жүріп жатыр", - деді Әбдіқанов.
Осылайша, 3 мың доллар пара алды деп күдіктелген судьяға ешқандай бұлтартпау шарасы қолданылмаған.
Сонымен қатар, Алматыда жыл басынан бері төрт судья қызметінен босатылғаны белгілі болды. Судья Нұрлан Бегайдар азаматтық іс қарап жатқан кезде қателікке бой алдырғаны үшін қызметінен кетті. Сол секілді № 2 Алматы аудандық сотының судьясы Надежда Каралуппа, Түрксіб аудандық сотының судьясы Бибігүл Хасанова, секілді № 2 Алматы аудандық сотының судьясы Андрей Штейнке қызметін босатты.
Тәжікстанға жақын орналасқан қырғыз тұрғындары эвакуацияландыҚырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы жанжалдан кейін қырғыз билігі сол маңда орналасқан Ақ-Сай және Капчыгай ауылдарының тұрғындарын эвакуациялады.
Бүгінде 315 адам Баткен қаласына жеткізілген: 55-і туыстарына кетсе, 260 тұрғын уақытша лагерьге орналасты. Эвакуацияланғандардың басым бөлігі - балалармен әйелдер.
Шекарадағы жанжал кеше басталған болатын. Исфарда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон мен Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков кездесуіне дайындық барысында тәжік азаматтары бағанаға өз елінің туын бекітіп қойған. Бұған қарсы болған қырғыздар өз туын ілген. Артынша екі елдің тұрғындары арасында жанжал басталып кеткен.
Дамир Рыспаев айдында тағы да төбелес шығардыМұз айдынындағы төбелестерімен есте қалған елордалық "Номадтың" қорғаушысы Дамир Рыспаев бұл жолы қарағандылық "Сарыарқаның" хоккейшісімен текетіресті.
Спортшылар 22 шілдеде Қарағандыдағы ойын кезінде төбелес шығарған. Қазір бұл сәттің видеосы Желіде таралып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от Vestikz (@vestikzgram) 22 Июл 2019 в 11:15 PDT
Матч қорытындысы бойынша Рыспаевтың командасы буллиттер сериясында жеңіске жетті - 2:1.
Айта кетейік, "Сарыарқа" мен "Номад" ЖХЛ-ның жаңа маусымына дайындалып жатыр. Алдағы маусымда қарағандылықтар чемпион ретінде өнер көрсетсе, елордалық команда дебютант болады.
Показать комментарии
Читайте также