31 августа 2021 | 10:38

Әкімдіктен күштеп шығарылған журналист оқиғасы: әкімдік режимдік нысан ба?

Камила Долаева Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылған "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергеннің оқиғасы елді елең еткізді. Журналистің әкімдікпен сұхбатқа алдын ала келісіп тұрып ғимаратқа кіре алмағаны, кейін оны күзетшінің көтеріп алып, шығарып жібергені "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы, заңсыз деп бағаланды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылған "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергеннің оқиғасы елді елең еткізді. Журналистің әкімдікпен сұхбатқа алдын ала келісіп тұрып ғимаратқа кіре алмағаны, кейін оны күзетшінің көтеріп алып, шығарып жібергені "еститін мемлекет", "ашық әкімдік" қағидаларына қайшы, заңсыз деп бағаланды.

Телеарнасының директоры Алена Горбачева да редакциямызға берген сұхбатында бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң өрескел бұзылғанын айтты. Себебі бұл заң журналистерге мемлекеттік органдарға бару, шенеуніктер қабылдауына кіру құқығын береді. Алатау ауданы әкімі Азамат Қалдыбеков те оқиғаға түсінік берген болатын. Айтуынша, ғимарат режимдік нысан саналады. 

Осы тұста Tengrinews.kz тілшісі заңгер Нариман Сулейменовтен әкімдіктің әрекетіне құқықтық баға беруін сұрады.  

Реклама
Реклама

"Мемлекеттік құпиялар туралы" заң

Маман 1999 жылғы 15 наурыздағы № 349-I "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңда мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті органның (ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарын ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын нысандар санатына жатқызу тәртібін әзірлеу өкілеттігі бекітілгенінен бастады.

"Заңда Үкімет ҰҚК әзірлеген тәртіпті тиісті қаулы қабылдау арқылы бекіту өкілеттігіне ие. Алайда қолда бар ақпаратқа сәйкес, бүгінде ҚР Үкіметі мұндай қаулыны шығарған жоқ. 

"Қазақстан Республикасының ерекше режимдік, режимдік және ерекше қорғалатын объектілері" ұғымдары "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңда жоқ", - дейді Нариман Сулейменов.


Журналисті әкімдік ғимаратынан күштеп шығары сәті

"Күзет қызметі туралы" заң

Сонымен қатар, күзет қызметін жүзеге асыру тәртібін реттейтін "Күзет қызметі туралы" 2000 жылғы 19 қазандағы № 85-II ҚР заңы бар.

"Бұл заң Үкіметке мемлекеттік қорғауға жататын нысандарды анықтау ережелерін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл ереже Үкіметтің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында шыққан. Осы құжатқа сәйкес мемлекеттік қорғауға жататын нысандардың үш санаты бар:

  1. Аса маңызды мемлекеттік;
  2. Стратегиялық нысандар;
  3. Экономика салаларының нысандары, бұл стратегиялық маңызы бар және заңды тұлғаларға тиесілі нысан және мұнда мемлекет акциялардың (үлесін) негізгі пакетін тікелей немесе жанама иеленеді.

Алайда бұл санаттар да өте бұлыңғыр сипатталған", - дейді маман.

Адвокаттың сөзінше, "Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және Республикалық маңызы бар жергілікті атқарушы органдарының әкімшілік ғимараттары мен нысандары" маңызды мемлекеттік санаттарға жатқызылған.

"Алайда бұл қандай "республикалық маңызы бар жергілікті атқарушы органдар" екені түсініксіз. Бұл еліміздегі барлық жергілікті атқарушы орган ба, әлде тек республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары ма?" - дейді ол.

Маман тағы бір мысал келтірді.

"Стратегиялық санатқа "Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Мемлекеттік күзет қызметінің басшысы бекітетін тізімге енгізілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мен Ішкі істер органдарының бөлімшелері бірлесіп күзететін объектілер, сондай-ақ мемлекеттік маңызы бар объектілер" жатқызылған. "Мемлекеттік маңызы бар" қандай нысан екені де еш жерде түсіндірілмейді", - дейді Нариман Сүлейменов.

Сонымен қатар, Үкіметтің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысында бекітілген осы ережелер мен жалпы күзет қызметі туралы заңнама азаматтар мен БАҚ өкілдерінің мемлекеттік органдардың ғимараттарына кіру құқығын анықтамайды, тек күзет қызметін жүзеге асыру тәртібін және қандай да бір санаттағы нысандарды күзетуге қойылатын техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды белгілейді.

"Осылайша, әкім аппаратының ғимараты "режимдік нысан" дегені заң тұрғысынан өте әлсіз тұжырым", - деді қорғаушы.

БАҚ туралы заң

Бұдан басқа, "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I заңының 20-бабына сәйкес, журналистің мынадай құқығы бар:

1) ақпаратты iздестiрудi жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;

2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткiзу туралы шешiм қабылданғаннан басқа жағдайда өзiн тiркеген орган өткiзетiн барлық шараларға қатысуға құқылы.

"Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" заң

Нариман Сүлейменовтің айтуынша, күзет қызметкерлері журналист тарапынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын көрген болса, ал бұл ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, онда олар бұл туралы осы органның қызметкерлеріне, Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру үшін хабарлауы тиіс еді.

"Бұл ретте, 13-1-баптың 2-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес, жеке күзет ұйымының күзетшісі құқық бұзушылықтардың жолын кесу және құқықбұзушыларды ұстау мақсатында, өзге тәсілдермен бұған жету мүмкін болмаса, күш және басқа да құралдарды қолдана алады. Бұл ретте қолданылған іс-әрекет шектен шықпауы тиіс.

Нақты бұл жағдайда ішкі істер органдары тыңғылықты тергеу жүргізуі тиіс. Күзетшінің күш қолдануы ақылға қона ма және мұнысы құқық бұзушылықтың жолын кесу үшін қабылданған қажетті шаралардың шегінен асып кетпеді ме деген сұрақтарға жауап табу үшін тараптардың әрқайсының іс-әрекетінің себебін, не үшін олай жасағанын, физикалық күш қолдану үшін нақты не себеп болғанын және басқа жағдайларды мұқият тексеру керек", - дейді заңгер.

Айта кетейік, Ақбөпе Тәңірберген "Хабар 24" телеарнасындағы "Әкімдер" бағдарламасында екінші жыл қатарынан жұмыс істейді. Онда ол әріптестерімен бірге әр аудан, қала, ауыл басшыларына барып, олардың жұмысын көріп, ашықтығын тексереді. 

"Хабар 24" журналисі Ақбөпе Тәңірберген оқиғаның видеосын Facebook желісінде жариялаған болатын. Кадрлардан күзетші журналист қызды лифтке жібермей тұрғанын көруге болады. Журналист әлі де ішке кіруге тырысқанда, ер адам оны ұстап алады, көтеріп, сыртқа шығарып жібереді. Телеарна қызметкерінің айғайы мен қарсылығына назар аудармай, күзетші оны көшеге итеріп, есікті жауып алады.

Кейінірек журналист денесі көгеріп, жарақат алғанын айтып, Instagram желісінде сурет жариялаған. Ол полицияға арыз түсіргенін мәлімдеді. 

© instagram.com/akbope_tanirbergen

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная