Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 марта 2019 22:23

АҚШ ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін жоғары бағалайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Марат Әбілов © Марат Әбілов

АҚШ ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін жоғары бағалайды. Бұл туралы АҚШ Мемдепартаментінің ресми өкілінің орынбасары Роберт Палладиноның Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін жоғары бағалайды. Бұл туралы АҚШ Мемдепартаментінің ресми өкілінің орынбасары Роберт Палладиноның Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін тоқтатқаны туралы мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Құрама Штаттары Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ пен Қазақстан арасындағы берік әрі қарқынды қарым-қатынасын орнатып, дамуындағы үлесін жоғары бағалайды. Қазақстан үшін осынау тарихи сәтте Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі заманауи, егемен әрі гүлденген Қазақстанның негізін қалаушы ретіндегі рөлін атап, көрсеткен қызметін өңірлік әрі жаһандық масштабтағы үлгі деп мойындаймыз", - делінген мәлімдемеде.

"Оның ядроның таралмауына қосқан зор еңбегін және денуклеаризация бойынша жаһандық күш-жігерде көш бастауына, Қазақстандағы және жалпы өңірдегі бейбітшілік пен гүлдену жолында билікті бейбіт тапсыруды ұстанғанына қошемет білдіреміз. Қазақстанмен қарым-қатынасымыз гүлденудің ортақ идеалдарына, негізгі бостандықтарға деген құрмет және өңірлік қауіпсіздікке негізделген. Қазақстанның жаңа Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап, екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестікті тереңдету бойынша біріккен жұмыстар жалғасады және экономикалық даму, сауда және инвестиция салаларындағы ұзақмерзімді өзара мүдделерімізді әрі қарай дамытамыз деп, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз деп үміттенеміз", - делінген құжатта.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети