ПОДЕЛИТЬСЯ
13 августа 2024 | 13:00
Ақтаудың суы танымал қонақүйге көп кетіп жатқаны рас па? Маңғыстау облысының жаңа әкімі жауап берді
Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай Massaget.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында өңірде ауызсу мәселесі неліктен ушығып тұрғанын айтып, ел арасында суға қатысты тарап жүрген қауесетке пікір білдірді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Маңғыстау облысының жаңа әкімі Нұрдәулет Қилыбай Massaget.kz-ке берген эксклюзив сұхбатында өңірде ауызсу мәселесі неліктен ушығып тұрғанын айтып, ел арасында суға қатысты тарап жүрген қауесетке пікір білдірді.
Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
- Жыл сайын ауызсу мәселесі ушығады... Мәселе қайдан шығып отыр?
- Өте орынды, күн тәртібіндегі ең бірінші сұрақ. Бұл проблема бүгін не кеше туған жоқ. Бала кезімізден көріп келе жатқан проблема. Өзім Бейнеу деген жерде туып-өстім. Құдығымыз болатын, сол құдыққа су толтырып, содан су ішетін едік. Қазір тіке желілер барды. Бұрын Ақтау қаласында ас үйдегі су бөлек, жуынатын бөлмедегі су бөлек құбырмен келетін еді. МАЭК деген мекеме екі түрлі су шығарып отырды: техникалық су, ауызсу. Кейін халықтың әл-ауқаты жақсарғанының көрсеткіші деп есептеймін, техникалық судан толықтай бас тартып, жуынатын жеріне де, ас үйіне де ауызсу құбырларын тартып алды. Қазір МАЭК ауызсу шығаруға көшіп кетті. Бірінші мәселе - сол. Екіншіден, халықтың саны өсіп жатыр. Ақтауда зәулім-зәулім ғимараттар салынып жатыр. Оның бәрін сумен қамтамасыз етуіміз керек.
- Өңірге су қайдан келіп жатыр?
- Маңғыстауға келетін судың екі көзі бар: біреуі - Астраханнан келетін құбыр, екіншісі - Каспий суын тұщытып, ауызсуға айналдыру. Негізгі су беріп тұрған мекеме - МАЭК, ол қанша дегенмен техника, ескіру көрсеткіші жоғары болып тұр. Сондықтан Каспий су тұщыту зауыты деген зауыт салынды. Ол күнге 20 м3 шығарып тұр еді, ол да жетпей қалды. 2,5-3 жыл бұрын Ақтаудың әкімі болып тұрған кезде де "не істейміз?" деген сұрақ мазалады. Сол кезде де проблема бар еді, жаз келсе су тапшылығы.
- Халық бұған Rixos-ты кінәлайды екен...
- Біреу судың бәрі Rixos-қа кетіп жатыр деген қауесеттер таратып жүр. Ол рас емес. Себебін айтайын, МАЭК күніне 52 мың су шығарады, Каспий су тұщыту зауыты 20 мың су шығарады. Одан бөлек Астраханнан келіп жатқан су бар. Rixos-қа кететіні - 2000 текше метр. "Судың бәрін Rixos ішіп қойып жатыр" деген бекер әңгіме.
Сұхбаттың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также