09 августа 2021 | 14:05

Ақтөбеде жұрт стадион орнына көпқабатты үй салмақ болғандарды тоқтатты

Видео кадры

Ақтөбе тұрғындары наразылық акциясына шықты. Себебі қаладағы стадион сүріліп, орнына көпқабатты үй салынбақ. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе тұрғындары наразылық акциясына шықты. Себебі қаладағы стадион сүріліп, орнына көпқабатты үй салынбақ. Бұл туралы Aibat жаңалықтар қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Aibat мәліметінше, Ақтөбедегі шағын ауданда орналасқан жалғыз спорт және демалыс орнына көпқабатты үй салынғалы жатыр. Тұрғындар стадион аумағын өлшеп жүрген құрылысшыларды бір ай бұрын байқапты. Жердің жекеменшікке сатылып кеткенін де сол кезде білген. Жоспар бойынша 10 мың шаршы метр жерде үлкен кешен салынбақ.

Енді тұрғындар шағын ауданға толтырып үй салып тастай ма деп алаңдап отыр.  

Реклама
Реклама

"Жер қатынастары бөлімінің мамандары жердің қандай шартпен жекеменшікке сатылғанын түсіндіре алмаса да, стадион сүрілмейтініне сөз берді. Шенеуніктер сатылған жерді қайтарып алу жұмыстары басталғанын айтады. Олардың сөзіне сенбеген тұрғындар қала әкіміне хат жазу үшін қол жинауға кірісті", - дейді қала тұрғыны Болат Әнуарбеков. 

Ақтөбе қаласы жер қатынастары бөлімінің бас маманы Жәнібек Қабыловтың айтуынша, стадион орнына үй салынбайды, жер қала қорына қайтарылады. 

"Көпқабатты тұрғын үй салынуына қарсылық болды. Содан кейін қала әкімдігі "Нектар" кооператив басшысымен келісімсөз жүргізді. Кейін бұл жерге үй салмау жөнінде келісімге келді. Қазір жер учаскесі қала қорына қайтарылып жатыр", - деді Қабылов. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная