03 июля 2024 | 11:15

Ақтөбеде су басқан үйлер сүріліп жатыр

Massaget.kz/Кәмшат Қопаева

Ақтөбеде су тасқыны кезінде апат жағдайында деп танылған үйлер сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде су тасқыны кезінде апат жағдайында деп танылған үйлер сүріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қала іргесіндегі жұртшылық Новостройка аталып кеткен бау-бақша ұжымының тұрғындары көктем келсе үдере көшеді. Себебі іргеде Қарғалы өзені ағып жатыр. 2017 жылы да тұрғындар қызыл судың зардабын тартқан болатын. Ал биылғы тасқын бұл аумақтағы үйлерді тіпті жарамсыз қылып тастады. Қазіргі таңда тасқын кезінде қираған үш үй бұзылды. Сүріп тастаған үйлердің жері мемлекет қорына қайтарылады. Бұл шаралар үй иелерінің жазбаша келісімімен жасалды. Оларға құлаған үйлерінің орнына жаңа пәтерлер беріліп жатыр.

Реклама
Реклама

"Көктем келсе тасқын судың зардабын тартамыз. Биылғы жағдайды еске алудың өзі қорқынышты. Киім-кешегімізді алып үйден шығып үлердік. Қарғын су баспанамызды жарамсыз қылып тастады. Әйтеуір далада қалған жоқпыз. Әкімдік қалада салынған жаңа үйден пәтер берді. Ризамыз. Бұрын да үйіміз суға кетті. Бірақ мұндай нақты көмекті бірінші рет көріп отырмыз. Еліміз бойынша су тасқынынан зардап шеккендерді қолдап жатқан ел Президентіне алғысымыз шексіз", - деді тұрғын Сайлау Медетов.

Бүгінгі таңда бағалау комиссиясының қорытындысы бойынша су тасқыны салдарынан 190 үй апат жағдайында деп танылды, оның 75-інің тұрғындары жаңа баспанаға көшірілді. Қор арқылы пәтер сатып алып беріп, көшіру шаралары жалғасып жатыр.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная