03 марта 2022 | 16:22

Ақын Аманжол Әлтай Парламент мәжілісі депутаты болып сайланады

Фото: instagram.com/amanzhol_altai

Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Amanat (Nur Otan - еск.) партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Бүгін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Amanat партиясынан Парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Аманжол Әлтайға беру туралы шешім қабылданды. Аманжол Әлтайды көптен бері танимын. Тек елге танымал айтыскер ақын ғана емес, халық мүддесі үшін әркез салиқалы сөз түзіп жүрген азамат ретінде де жақсы білемін. Әрқашан елдің жанынан табылып, қиын кезде де партиямен бірге бола білген, ізін басып келе жатқан жастарға ісімен де, сөзімен де үлгі болып жүрген тұлға. Алда әлі талай мақсаттар тұр. Ортақ мүдде үшін нәтижелі жұмыс істейміз деп сенемін", - деп жазды Оралов. 

Реклама
Реклама

Тиісті шешім Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная