Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 сентября 2018 16:12

Ақын Бауыржан Қарағызұлы мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бауыржан Қарағызұлы Бауыржан Қарағызұлы

Ақын Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақын Бауыржан Қарағызұлы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бауыржан Қарағызұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бауыржан Қарағызұлы 1982 жылы 17 қазанда дүниеге келген. Қазақтың талантты ақыны, көптеген халықаралық, республикалық, әдеби конкурстардың жеңімпазы.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаетың және ЮНЕСКО-ның қолдауымен өткен Халықаралық "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалінің екі мәрте лауреаты және Гран-При жүлдесінің иегері.

"Әлемге әйгілі - Астана" атты жыр мүшәйрасының Гран-При жүлдесінің иегері. Сейдолла Бәйтереков атындағы арнайы сыйлықтың иегері.

ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында өткен "Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған" атты І республикалық Мағжан өнер фестивалінің лауреаты.

"Табысты қазақстандық - 2012" Ақмола облыстық жастар байқауында "Жас дарын" сыйлығының иегері. Ақын-импровизатор Иманжүсіп Құтпанұлының 150 жыл толуына орай өткен әдеби байқаудың жеңімпазы.

2014 жылғы  Қазақстан Республикасы мемлекеттік сепендияның иегері.

"Жұмбақтасқа жауған күз", "Өң.Мен.Түс.", "Жүрек кітабы", "Топырық демі" атты жыр-кітаптарының авторы.

Республикалық "Алаш үні" газетінде тілші, Елордалық "Астана" журналында тілшілер қосынының жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары; Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасында "Кітап патшалығы" журналы бас редакторының орынбасары; Көкшетау қаласындағы "Ақпараттық кітапхана жүйесі" Мемлекеттік мекемесінде директор; "Қазконтент" АҚ "Әдебиет порталының" жетекшісі; "Мәдениет порталының" бас директоры; Қазақстан Жазушылар одағы Астана қаласы филиалының директоры, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан құрылған Жас ақын-жазушылар кеңесінің хатшысы қызыметтерін атқарған.

Үйленген. Үш бала тәрбиелеп отырған әке.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети