Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр?

Ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған курортқа қатысты іс қалай жүріп жатыр? Көрнекі сурет: Shutterstock

Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған "Елікті парк" тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақмола облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы мерт болған "Елікті парк" тау-шаңғы курортына қатысты іс қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

"Елікті парк" тау-шаңғы курорты тұтынушылардың денсаулығына қатысты, талаптарға сай келмейтін қызмет көрсету салдарынан абайсызда адам өліміне және екі адамның денсаулығына зиян келтіргені бойынша, Ақмола облысының Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен ҚР ҚКнің 306-бабының 3-бөлігі, 306-бабының 2-бөлігі 2-тармағымен Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген қылмыстық-іс қозғалғанын хабарлаймыз", - делінген Полиция департаментінің Massaget.kz тілшісіне берген ресми жауабында.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталды, қылмыстық іс негізгі сот талқылауында.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сұратылып отырған өзге де ақпаратты жария ету мүмкін емес, өйткені бұл тергеу мүдделеріне қайшы келеді және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзумен байланысты болуы мүмкін", - делінген ресми жауапта.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Еске салайық, былтыр 2 қаңтарда ақын Серікзат Дүйсенғазының ұлы Әлихан Көкшетаудағы демалыс орнында қайтыс болған.

Сондай-ақ, кейінірек Серікзат Дүйсенғазының ұлы ажал құшқан курортта тағы екі қыз жарақат алғаны белгілі болды.

Tengrinews
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама