Алдағы екі жылда Алакөлге бір миллион турист келеді - Даниал Ахметов

Рахила Тлеуова Корреспондент

ШҚО-да Алакөл туристік аймағын дамыту жұмыстары жалғасып жатыр. Алдағы уақытта келетін туристер санын миллионға жеткізу көзделген. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақын уақытта туризмді дамытамыз. Алдағы 4 жылға Алакөл бассейніне 24 миллиард теңге қаржы көзделеді. Бүгінде біз 11 миллиард құйдық. Инфрақұрылым жасалды, жоғары кластағы туристік кешендердің құрылысы үшін жер учаскелері дайындалды. Осылайша біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Биыл қанша қиындыққа қарамастан, 600 мыңға жуық турист келгенін ескерсек, алдағы екі жылда бір миллион турист келетінін сөзсіз айта аламыз", - деді Даниал Ахметов әкімі ОҚК онлайн-брифингте.

Еске салайық, Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы брифингілер сериясы өтіп жатыр.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Вопрос от автора
news7
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама