Алексей Цой қазақстандықтарды вакцина таңдамауға шақырды

Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды вакцина таңдамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды вакцина таңдамауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ол ОКҚ-да өткен онлайн-брифинг барысында айтты. 

"Қазақстанда вакцина жеткілікті. "Спутник V", Sinopharm, QazVac арасында таңдау бар. Басқа вакциналарды жеткізу бойынша да жұмыс істеп жатырмыз. Барлық вакцина тиімді, қандай да бір вакцинаны күтудің керегі жоқ. Басқа вакцина күтіп, вирус жұқтырып, жағдайды нашарлатқанша, қазір екпе салдырған жөн", - деді Цой. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда COVID-19-дан қайтыс болғандардың 97,7 пайызы екпе алмағаны айтылған болатын.

2021 жылғы 19 тамыздағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 6 276 224 адам, 2-компонентін 4 913 196 адам салдырған.

Tengrinews
Вопрос от автора
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама