20 августа 2019 14:08

Алғашқы шешімді "даулы" деуге болады - Рахман Алшанов қозғалыс жылдамдығы жайлы

© zarulim.com.ua

Биыл 15 қаңтардан бастап Алматыда әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы және Саин көшесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа төмендеген. Бұл мәселе қала тұрғындары арасында кеңінен талқыға түсті. Ал кеше, 19 тамызда жылдамдық қайтадан сағатына 80 шақырымға дейін көбейтілетіні анықталды. Қоғамда бұл пікірді жақтаушы да, даттаушы да бар. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшановтың пікірін білді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 15 қаңтардан бастап Алматыда әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автомобиль жолы және Саин көшесінде рұқсат етілген жылдамдық сағатына 80 шақырымнан 60-қа төмендеген. Бұл мәселе қала тұрғындары арасында кеңінен талқыға түсті. Ал кеше, 19 тамызда жылдамдық қайтадан сағатына 80 шақырымға дейін көбейтілетіні анықталды. Қоғамда бұл пікірді жақтаушы да, даттаушы да бар. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласының Қоғамдық кеңестің төрағасы Рахман Алшановтың пікірін білді. 

Алшановтың айтуынша, әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық 60 шақырымға төмендегеннен бері бұл мәселе қоғамда қызу талқыланды. Бұл мәселе бойынша қоғамдық кеңеске бірнеше адам келіп өз ойларын білдірген екен. 

Реклама
Реклама

"Алғаш шешім қабылданған кезде көп адам қарсы шыққан. Сондықтан мұны "даулы" шешім деп айтуға болатын шығар. Сол кезде бұл мәселе іс жүзінде қалай болады, жалпы тәжірибе жинайық деп келіскен болатынбыз. Осыған дейін қарсы шыққан адамдар келіп, дәлелдер келтіріп, өз пікірлерін айтты", - дейді Рахман Алшанұлы. 

Төрағаның айтуынша, биыл нақты айтсақ 1 тамыз күні қоғамдық кеңеске Қазақстан автомобилистері одағы ұйымының жетекшісі Эдуард Эдоков, құқыққорғаушылар мен заңгерлер келіп, осы мәселе бойынша нақты дәлелдер келтірген. 

"Олардың айтуынша, 2001 жылы 17 шілдеде "Автомобиль жолдары туралы" Заң қабылданған. Ол жерде жол салу барысында автокөлік жылдамдығы ескерілуі керек деп айтылған. Одан кейін қала нормативтері бойынша сағатына 90 шақырым жылдамдықпен жүруге рұқсат делінген. Ал бұл жолды салу жобасына сағатына 80 шақырым деп жазылған", - дейді қоғамдық кеңес төрағасы. 

Рахман Алшанұлының сөзінше, бұл жол құрылысы нормалары мен ережелері және 2002 жылы 19 желтоқсанда шыққан үкімет қаулысына байланысты Алматы қаласының бас жоспарына негізделіп жасалған. 

"Бұл көшелер адам өтетін жол емес қой. Жаяу жүргіншілер үшін арнайы көпір бар. Жол-көлік оқиғасының себептерін зерттеген кезде тоғызға жуық дерек анықталған. Олардың басым көпшілігі көшені дұрыс кесіп өтпеу, көліктің жағдайы, жолдың жағдайы, көлік иесінің жағдайы деген факторлар себебінен болған. Ал жылдамдықтың себебінен болған жол-көлік оқиғасы тек тоғызыншы орында тұр", - дейді төраға. 

Қоғамдық кеңес төрағасының сөзінше, осыған әл-Фараби даңғылында болған жол-көлік оқиғалары салыстырмалы түрде Төле би көшесінде болған апаттар санынан аз. 

"Сөйтіп біз барлық деректі жинап, әкімдікке хат жаздық. Бірақ біз бұл мәселеге полиция өкілдерін жұмылдырдық. Полицейлер де зерттеп, бұған дейін болған апаттар жылдамдыққа қатысы жоқ екенін айтты. Әкімдік бұл мәселені қарастырып, осындай шешімге келді", - дейді Рахман Алшанұлы.


© smi44.ru

Еске салайық, 2019 жылдың 15 қаңтарынан бастап әл-Фараби даңғылы мен Саин көшесінде және Шығыс айналма автокөлік жолында жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға төмендеген. Полиция өкілдері бұл шараның жолдағы адам өлімі көрсеткішін төмендету мақсатында жасалғанын айтқан еді.

Алайда кеше, 19 тамызда  жылдамдық режимі сағатына 60 шақырымнан 80 шақырымға көтеру туралы шешім шыққаны анықталды.

Кейін қала басшысы Бақытжан Сағынтаев Instagram желісіндегі парақшасында не үшін мұндай шешімге келгенін түсіндірген. Оның айтуынша, бұған қалалық Қоғамдық кеңесінің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері себеп болған.

"Қаланың негізгі транзиттік магистральдары - әл-Фараби даңғылы мен Шығыс айналма автожолына сағатына 80 шақырым жылдамдық режимін қайтардық. Бұған қалалық Қоғамдық кеңестің ұсыныстары мен қала тұрғындарының өтініштері сеп болды. Сондай-ақ қала жолдарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, өлім-жітімді азайту үшін қосымша шаралар қабылдаймыз", - депті жазбасында әкім.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram