25 июня 2021 | 13:07

Алматы "қызыл" аймаққа өте ме? Сағынтаев эпидахуалға болжам жасады

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
Фото: Алихан Сариев

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының эпидахуалына қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының эпидахуалына қатысты болжамын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматы әкімі "Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы" ОКҚ брифингінде айтты.

"Маусым айының басында эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, "жасыл" аймаққа өткен болсақ, қазір жағдай күрделеніп барады. "Дельта" үнді штамы күнде тіркеліп жатыр. Айдың басында күнделікті тіркелген жағдайлар саны жүзден төмен болса, бүгін 181 жағдай тіркелді, 7011 төсек-орын дайындалды", - деді әкім.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Сағынтаев эпидемиологиялық жағдай тұрақтануына байланысты жабылған инфекциялық бірқатар аурухананың қайтадан ашылуы мүмкін екенін айтты. 

"Жағдай күрделенетін болса қаладағы үш салалы аурухананы қайтадан инфекциялық ауруханаға ауыстыруға жұмыс жүргізе бастадық. Біздің жобалауымыз бойынша, Алматы жақын күндері қайтадан "қызыл" аймаққа өтеді деген қауіп бар. Үнді штамы соған алып келе жатыр, мұны тоқтатудың жалғыз жолы - вакцина салдыру", - деді Сағынтаев.

Айта кетейік, COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, өткен тәулікте Алматы қаласында коронавирус жұқтырудың 181 жағдайы тіркелген. Бұл көрсеткішпен шаһар Нұр-Сұлтан қаласынан кейін екінші орында тұр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная